Ел боламыз, Қазақстанда тұрамыз, ұрпағымызды тәрбиелейміз деген адамдар балаларын қазақ мектебіне, қазақ балабақшаларына беріп жатыр. Бұл менің сөзім емес, бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жыды 20 сәуірдегі белгілі қаламгерлермен кездесуіндегі сөзі. Иә, бұл сөздің ақиқатын, өз тәуелсіздігін жариялағанына 26 жылына аяқ басқан қазақ елінің тұрғыны үшін дәлелдеуді қажететпейтін аксиома.