ШҚО-да халықаралық ақындар айтысы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында 29 шілдеде халықаралық ақындар айтысы өтеді. Сөз барымтасына қазақтың арқалы ақындарымен бірге, Қытай, Моңғолия, Қырғыз Республикасы елдерінің ақындары қатысады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.