Талдықорғанда мемлекеттік қызметшілер тіл байқауында күш сынасты
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» атты байқау ұйымдастырылды. Шарада қалалық әкімдіктің әр саласы бойынша үш маманнан құралған «Аппарат-2050-ге апарады», «Жалын», «Мәңгілік тіл», « ЭКСПО», екі ауылдық округтің «Еркін» және «Өтенай қырандары» топтары өзара бақ сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.