Астана әуежайы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» болып аталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана халықаралық әуежайы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын болды. ҚР Үкіметінің тиісті Қаулы мәтіндері бүгін "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.