ОҚО-да жылына 4,5 млн шаршы метр керамогранит шығарылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы керамограниттің өндірісімен айналысатын «Зерде-Керамика» кәсіпорны енді өнімнің санын анағұрлым арттырмақ. Яғни, өндіріс орны екінші желісін жыл соңына дейін іске қосып, өнім көлемін 2 миллионнан 4,5 млн шаршы метрге жеткізбек, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.