Парламент көлікті мас күйде жүргізгендерге жазаны күшейтетін құжатты қабылдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістерді қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.