Ақпарат министрі цифрлық эфир таратуды енгізу қашан аяқталатынын айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірі цифрлық эфир таратуға 100 пайыз көшеді. Бұл туралы бүгін елордадағы «Қазмедиа» орталығында өтіп жатқан халықпен есептік кездесу барысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.