Нұрлан Ноғаев атыраулық 97 түлекке «Алтын белгі» тақты
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда дарынды оқушылардың «Дарынды ұрпақ - ел болашағы» атты форумы өтті. Осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған шараға мектеп бітіріп отырған үздік оқушылар қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.