Астанада Еуропа елдерінің кинофестивалі ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14-16 маусым аралығында Астанада Қазақстанда Еуропа күнін атап өту аясында Еуропа кинофестивалі өтуде. Биыл көрермендер назарына Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің үздік кинофильмдері ұсынылады. Фестиваль бағдарламасына Чехия, Австрия, Швеция, Эстония, Испания, Словения, Германия, Франция, Нидерланды, Литва, Румыния, Словакия жəне Латвия елдерінде түсірілген 13 фильм кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ЕО өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.