Ақтөбеде 8 клуб жабылып қалды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің екі ауданында 8 клуб жабылып қалды. Олардың бәрі авариялық жағдайда тұрған, қызметкері жұмыс істегенімен ғимараты жоқ, ауыл халқының саны аз ауылдардағы мәдениет ошағы мен мекемесі болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.