Астанада атақты фин сиқыршысы Йони Паканен өнер көрсетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 маусымда сағат 19:00-де Астана әкімдігінің алдындағы қалалық алаңда «Солтүстік сиқыры» атты фин музыкасының концерті өтеді. Концерт Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына орайластырылған және Финляндиядағы бауырлас қала Оулустың тартуы болып табылады.