13 маусымда елдің басым бөлігінде жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын мен найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде екпінді жел тұрып, тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.