Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Өзен арнасы құрғап қалған: Алматыда Тереңқұрдағы су қайда кетті?

Алматы тұрғындары Тереңқұр аумағындағы Кіші Алматы өзені құрғап қалғанына алаңдаушылық білдірді. Олардың айтуынша, қазір өзен арнасында су жоқ. Қала әкімдігі су айдынына не болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Су жоқ болып кетті
Тереңқұр - Алматыдағы серуендеуге арналған ең танымал орындардың бірі. Мұнда қала тұрғындары су жағасында демалып, өзен бойымен серуендейді, табиғатты тамашалайды. Алайда дүйсенбі, 22 қарашада келушілер ерекше көрініске куә болды: ағып тұратын су жоқ, Кіші Алматы өзенінің арнасы құрғап қалған.
Оқырманның фотосы
"Жұмыс жүргізіліп жатыр"
Жағдайды қаланың экология және қоршаған орта басқармасы түсіндірді.
Мекеме мәліметінше, су бөлетін бөгеттегі құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты Кіші Алматы өзені арнасына су беру уақытша тоқтатылған.

"Бұл жерде суды бөлудің автоматтандырылған жүйесін орнату жұмыстары жүріп жатыр. Су ағынын реттейтін шандорлар мен шлюздер орнатылады", - деп хабарлады басқарма.

Басқарма өкілдері жұмыс аяқталғаннан кейін, 1 желтоқсаннан бастап Кіші Алматы өзені арнасына су жіберу қыста тоқтатылатынын айтты.

"Бұл кезеңде су бөлгішке келетін барлық су Есентай өзені арнасына бағытталады. Мұндай режим қыста судың тұрақты өткізілуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мұз қату, сең жиналу және су бөлгіштен Әуежай көліне дейінгі учаскеде Кіші Алматы өзенінің жағадан шығып кету қаупін азайтуға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді мекеме өкілдері.

Басқарма мамандары аталған учаскедегі құрылыс-монтаж жұмыстары 15 желтоқсанда аяқталатынын, ал Кіші Алматыға су беру 2027 жылғы наурызға жоспарланғанын атап өтті.
Бұған дейін Алматы тұрғындары Үлкен Алматы өзенін көбік басқанын байқаған. Видео әлеуметтік желіде тарап, сұрақ туғызды. Осыдан кейін "Тау Су Қызметі" ЖШС мамандары судан сынама алып, ешқандай ауытқу тапқан жоқ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus