Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Nvidia кеңсесіне оралған Дженсен Хуангті қызметкерлер қошеметпен қарсы алды

Nvidia қызметкерлері бас директор қызметіне қайта оралған Дженсен Хуангті қошемет көрсетіп, қарсы алды. Бұл туралы желіде қызметкерлердің бірі жариялаған видеодан белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кадрларда Хуангтің Санта-Клара (Калифорния штаты) қаласындағы Nvidia штаб-пәтерінде корпорация қызметкерлерінің арасында тұрған сәті бейнеленген. Жиналғандар оны "Біз сені жақсы көреміз, Дженсен" және "Қайта оралуыңмен!" деп ұрандатып қарсы алды.

патшаға қарсы шықсаң, мүлт кетпегенің абзал https://t.co/yb2eV1d5do
— abir (@aburducky) 23 қараша, 2026
Тағы бір видеода кәсіпкер ұжымға жылы қабылдаулары үшін алғыс айтады.

"Бүгін менің алғашқы жұмыс күнім. Компьютерім жоқ, сондықтан IT-бөлімі маған жаңасын береді", - деп әзілдеді Хуанг қызметкерлерді күлдіртіп.

Сондай-ақ компанияның бас директоры қызметкерлерден "осының бәрін бастан өткеруге" мәжбүр еткені үшін кешірім сұрап, берілген "екінші мүмкіндік" үшін алғыс білдірді.

"Мен бірнеше өрескел қателік жібердім және бәрін қалпына келтіру үшін жұмыс істеймін. Екінші мүмкіндік бергендеріңіз үшін баршаңызға рахмет. Бұл жолы мен бұдан да жақсы бас директор боламын", - деді Хуанг өз қызметкерлеріне.


КӨРІҢІЗДЕР: Дженсен Хуанг Nvidia штаб-пәтеріне бас директор ретінде алғаш рет оралғанда, қызметкері оны құшақтауға ұмтылды https://t.co/UUsZRLADkM
— Exec Sum (@exec_sum) 23 қараша, 2026
Дженсен Хуангтің Nvidia бас директоры қызметіне қайта тағайындалғаны туралы жаңалықтардан кейін, графикалық процессорлар өндірушісі капитализация көлемі бойынша әлемде екінші орынға көтерілді. Сауда-саттық мәліметтеріне сәйкес, компания құны 3,98 триллион долларды құрады.
Бұған дейін дүйсенбі күні Nvidia компаниясының директорлар кеңесі АҚШ билік өкілдерімен кеңескеннен кейін Хуангті президент, бас директор (CEO) және директорлар кеңесінің мүшесі қызметтеріне дереу қайта тағайындау туралы бірауыздан дауыс бергенін хабарлаған болатын.
Хуангтің қызметтен кетуі 11 күнге созылды. Ол 12 қарашада Megaspeed фирмасының бұрынғы басшысы Элис Хуангпен жақын қарым-қатынасына байланысты туындаған жанжал аясында компаниядан кеткен болатын. АҚШ-тың Әділет және Сауда министрліктері бұл компанияның қызметін экспорттық шектеулерді бұзу тұрғысынан тергеп жатыр, ал Элис Хуангтің өзі Қытайға ақпарат берді деп күдіктелген еді. ҚХР СІМ мұндай мәлімдемелерді негізсіз деп атады.
Bloomberg дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлауынша, директорлар кеңесінің Хуангті қызметіне қайта тағайындау туралы шешімі компанияның жоғары лауазымды басшыларымен кеңесусіз қабылданған. Жағдаймен таныс агенттік сұхбаттасушылары бұл шешім жексенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамптың директорлар кеңесі мүшелеріне жасаған қысымынан кейін қабылданғанын айтты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus