Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Құрылыс және тағы да құрылыс қағидаты“ жалпыұлттық ұранға айналады“ - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Құрылыс және тағы да құрылыс" қағидаты Қазақстанның жалпыұлттық ұранына айналатынын айтты. "Халықтық құрылыс" бағдарламасы аясында алдағы жылдары еліміздің барлық өңірінде балабақша, мектеп, емхана, спорт кешендері, әуежайлар, жолдар және басқа да нысандар салынады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Жалпы, осы күнге дейін еліміз көптеген табысқа қол жеткізді. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Әрдайым биік мақсаттарға ұмтыламыз. Мен биылғы Жолдауымда "Халықтық құрылыс" жалпыұлттық бағдарламасын жарияладым. Алдағы жылдарда тұтас ел аумағында көптеген балабақша, мектеп, емхана, спорт кешендері, оңалту мекемелері, жастарға арналған шығармашылық орталықтары, театрлар, әуежайлар, вокзалдар, жолдар және басқа да маңызды нысандар салынады", - деді Мемлекет басшысы III Стратегиялық серіктестер форумында.

Президент Тәуелсіз Қазақстанның тарихында бір мезетте бүкіл аймақты, барлық саланы қамтитын мұндай ауқымды құрылыс бұрын-соңды болмағанын атап өтті.

"Бұл бірегей бағдарлама халықтың әл-ауқатын жақсартуға, кәсіпкерлікті дамытып, экономиканы өркендетуге айрықша серпін бермек. Қысқаша айтқанда, бұл – "барша жұртымызға арналған нағыз халықтық жоба, яғни, кең ауқымды құрылыс", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, "Халықтық құрылыс" кезінде салынатын әрбір нысан, әрбір ғимарат жұртымыздың игілігіне қызмет етеді. Өндіріс орындары мен кәсіпкерлер үшін зор мүмкіндіктер пайда болады. Жұмыс орындары ашылады.

"Қысқасы, "Құрылыс және тағы да құрылыс" қағидаты Қазақстанның жалпыұлттық ұранына айналады", - деді Президент.

Тоқаев бағдарлама аясында әлеуметтік нысандармен қатар, атом, су және жылу электр стансалары, деректерді өңдеу орталықтары салынатынын атап өтті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus