Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Геймерлер GTA 6 ойнау үшін демалыс алудың ерекше жолын тапты

GTA 6 жанкүйерлері басшылықтан қосымша демалыс сұраудың ерекше тәсілін тапты. Олар демалыс туралы өтініш жазудың орнына әлеуметтік желі қолданушыларынан видеоға лайк басуды сұрайды. Көздеген межеге жетсе, қызметкерлер бір күн демалып, уақытын ойынға арнай алады. Tengri Life басшылықпен осындай келісімге келгендер мен оларға қанша лайк жинау қажет болғаны туралы баяндайды.
Бәрі қалай басталды?
Бұл ерекше трендті алғашқылардың бірі болып Serhant риелторлық компаниясының басшысы Райан Серхант қолдады. Ол видеосы 400 мың лайк жинаса, қызметкерлеріне 19 қарашада қосымша демалыс беруге уәде етті.












Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by SERHANT. (@serhant)


Желі қолданушылары күткен межеден де асып түсті: ролик 1,6 миллион лайк жинады. Facebook-те жарияланған келесі видеосында Серхант қызметкерлері уәде етілген демалысты алатынын растады.

"Бұл бизнеске тиімсіз, бірақ келісімнің аты - келісім", - деді ол.


Мұндай ерекше челленджді Колорадодағы стоматологиялық клиника да қолдады. Клиника басшысы видео бес мың лайк жинаса, мобилографқа жұмада демалыс беруге уәде етті. Айтылған меже орындалды.
Скриншот: Tiktok
Ал кейбіреулерге бастығынан сұранудың да қажеті болмады. Кәсіпкер Марк Тилбери қызметкерлеріне осы бейсенбіде жұмысқа шықпауға өзі рұқсат берді.












Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Mark Tilbury - CEO & YouTuber (@marktilbury)


Бәрінің бірдей жолы болмады
Алайда барлық жұмыс беруші әлеуметтік желі қолданушыларынан өздері күткен қолдауды ала алмады.
Мысалы, канадалық Manmade ерлер киімі бренді жазбасына 60 мың лайк жиналса, қызметкерлеріне қосымша демалыс беруге уәде етті. Бірақ аудитория белсенділік танытпады, видео небәрі 7 мыңға жуық лайк жинады.
Сондықтан челлендж нәтижесіне қарағанда, компания қызметкерлері әзірге уәде етілген демалысты ала алмаған.











Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by MANMADE (@manmade.official)


Қанша адам ойын үшін жұмыстан қалуға дайын?
Кейбір геймерлер GTA VI үшін жұмыс күнін құрбан етуге дайын көрінеді. BambooHR компаниясының зерттеу мәліметіне сүйенсек, жұмыс істейтін әрбір бесінші америкалық азамат көптен күткен ойынға уақыт бөлу үшін бейсенбіде үйде қалуды жоспарлаған.
Ұлыбританияда да мұндай жандар аз емес. Daily Star мәліметінше, 1,2 миллионға жуық ұлыбританиялық азамат GTA VI үшін еңбек демалысын алуды көздеп отыр. Ал интернет провайдерлерді салыстыру сервисінің бағалауынша, бұл көрсеткіш 2,5 миллионға жетуі мүмкін. Олардың ішінде шамамен 900 мың адам жұмысқа бармау үшін ауырып қалғандай кейіп танытуды жоспарлап отыр деген болжам бар.
Еске салайық, Қазақстанда GTA VI 19 қарашада сағат 00:00-де қолжетімді болды. Ойын шығатын уақыт уақыт белдеуіне байланысты болғандықтан, әр елде әртүрлі уақытта қолжетімді болады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus