Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ақмола облысында жаңа көліктер тиелген екі жүк көлігі аударылып қалды

Ақмола облысында 15 жаңа көлік тиелген екі арнайы жүк көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Tengri Auto.
Ақмола облысы ПД мәліметінше, жол апаты 13 қарашада Астана – Атбасар – Жақсы тасжолының 131-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша шетелдік жүргізушілер тізгіндеген жүк көліктері Қорғастан Ресей Федерациясына бағыт алып, ірі көлік партиясын тасымалдап бара жатқан.
Сурет: Ақмола облысы ПД /Жүк көлігінен түсіп қалған көліктер

"Қозғалыс кезінде бірінші жүк көлігінің жүргізушісі жолдағы көктайғаққа байланысты тізгінге ие бола алмай қалған. Салдарынан көп тонналық фуралар жол жиегіне шығып кетіп, аударылды. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ", - деді полициядағылар.

Жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция жүргізушілерді жол жүру ережелерін сақтауға, әсіресе, ірі габаритті көліктерді тізгіндеу кезінде мұқият болуға шақырды.
Сурет: Ақмола облысы ПД / Аударылған көлік
Қыста жолдарда көктайғақ болған кезде жол апаты қаупі артады. Жүргізушілерге жылдамдықты азайту, қауіпсіз арақашықтықты сақтау, шұғыл тежеу мен маневр жасаудан аулақ болу, сондай-ақ, жазғы дөңгелектерді қысқысына уақтылы ауыстыру ұсынылды.
Тағы оқыңыз: Ақтауда газ қондырғысы орнатылған көлік жарылды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus