Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Қазақ тілі“ қоғамының әр мүшесіне шынайы ризашылығымды білдіремін“ - ҚР Президенті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының X мерейтойлық құрылтайында сөйлеген сөзінде қазақ тілінің ел бірлігін нығайтудағы рөліне тоқталды.
"Тіл – баршамызға ортақ құндылық. Тіл – Алланың құдіретінің арқасында адамдарға берілген үлкен сый әрі мүмкіндік. Тіл – адамзаттың негізгі жетістігі. Адам баласының ойдағыдай дамуының ең басты себебі де – тіл. Біз өркениетті ел ретінде ана тіліміз – қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін бір ел болып табанды жұмыс істеуіміз керек. Бүгінгі жиынның басты мақсат-міндеті де – осы" дей келе, Президент қазақ тілін дамыту жолында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.

2023 жылы "Қазақ тілі" қоғамының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін Qazaq Tili Endowment қоры құрылды. Мемлекет басшысы қорға алғашқы болып өз қаражатынан 7 млн теңге жарна аударды. Президент бастамасын бизнес өкілдері мен тіл жанашырлары жалғап, қорға түскен жарна көлемі 824 млн теңгеге жетті.
2025 жылы Президент Америка Құрама Штаттарына барған ресми сапары кезінде OpenAI компаниясы мен Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы арасында жасалған келісімнің нәтижелері де Құрылтай барысында таныстырылды: бір жылда 14 млрд токендік мәтін корпусы мен 12 мың сағаттық аудиожазба жиналды. Қазақша сөйлеуді мәтінге айналдыратын модельдердің дәлдігі 98 пайызға жетті. Баспа мәтінді танитын құралдар архив пен оқулықтарды цифрландыруды жеңілдетеді.

Құрылтайда көңіл қуантар сандар да аталды: үш жылда Disney, Pixar және Sony студияларының 13 фильмі қазақшаға дубляждалып, оларды 1 миллионнан астам адам көрген. Қазақша сеанстар үлесі 2023 жылға дейінгі 1–4 пайыздан орта есеппен 9,5 пайызға көтерілген. Алдағы меже – 20 пайыз.


Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлы бұл қоғам мен оның серіктестері атқарып жатқан жұмыстың бір бөлігі ғана екенін атап өтіп: "Бірақ қай бастама, қай жоба болмасын, біз бірінші кезекте Қазақстанның ел ретінде күшеюін, қоғам болып ұйысуын, мемлекеттілігі нығаюын ойлаймыз. Тіліміздің киесі мен қасиеті – осыған жол ашатын күш екеніне кәміл сенеміз" деді.

Алда қазақ тілінің сөздік қорын сақтау, орфография базасын жүйелеу жұмысы басталып, 19 сөздік жасау жобасы қолға алынбақ.
Сурет: akorda.kz
Президент қазақ тілінің барлық салада, соның ішінде креативті индустрия саласында кең қолданыс тауып келе жатқанын, қазақ тілінде жарық көрген кітап, ән, фильмдердің нарықтағы үлесі ұлғая түскенін де тілге тиек етіп, "Төл тіліміз ұлтты ұйыстыратын, өркениетіміздің өрісін кеңейтетін "жұмсақ күшке" айналып келе жатқанын" атап өтті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus