Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Таңғалдым“: Трамп NVIDIA бас директорына қатысты жанжалға пікір білдірді

АҚШ президенті Дональд Трамп Nvidia бас директоры Дженсен Хуангпен оның некеден тыс қатынасына қатысты туындаған даудан кейін сөйлескенін хабарлады. Америкалық арнайы қызмет бұл әйелді Қытай пайдасына тыңшылық жасады деп күдіктенген, деп хабарлайды Tengrinews.kz NBC News-ке сілтеме жасап.
Ақ үй басшысы журналистерге Хуангтың жағдайын білу үшін оған өзі қоңырау шалғанын айтты.

"Ол маған: "Оның тыңшы екенінен еш хабарым болған жоқ" деді, мен оған шынымен де сенемін", - деді Трамп.

Президент бұл істің мән-жайын ФБР зерттеп жатқанын жеткізді.

"Мен таңғалдым, өйткені оны әрдайым адамгершілігі жоғары тұлға деп санайтынмын. Ол - ғажайып адам. Оның ешқандай қиындыққа тап болмауын тілеймін", - деп атап өтті президент.

Телеарнаның мәліметінше, Трамп Хуангтың әлемдегі екінші ірі компанияның басшысы болып қала бергенін қалайтынын аңғартты.

"Оның жағдайы жақсы болады деп ойлаймын", - деп толықтырды америкалық көшбасшы.



.@POTUS Дженсен Хуанг туралы: "Мен оны өте жоғары деңгейлі адам ретінде білемін. Оны танығаныма көп болды... Ол ғажайып тұлға. Тек ешқандай мәселе туындамаса екен деп үміттенемін". https://t.co/IlSK4fmheb
— Rapid Response 47 (@RapidResponse47) November 9, 2026
Дүйсенбідегі сауда-саттық қорытындысы бойынша, нарықтың жалпы динамикасына қарамастан, компания акциялары 4,2 пайызға арзандады. Nvidia құнды қағаздары Dow Jones және Nasdaq индекстеріне кіретін компаниялар арасында ең нашар көрсеткішке ие болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та Хуангтың шетелдік барлау операциясының нысанына айналуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын. Осы тұста Хуанг жұбайына опасыздық жасағанын мойындап, әйелі мен компания қызметкерлерінен кешірім сұраған еді.
Америкалық графикалық процессорлар өндірушісі бұл ретте тәуелсіз тергеу басталғанын жариялады. Директорлар кеңесінің мәлімдемесінде АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне немесе компанияның коммерциялық құпиясына қауіп төнді деп пайымдауға негіз жоқ екені айтылған. Nvidia компаниясы Хуангтың туындаған дауға қарамастан, бас директор лауазымында қызметін жалғастыруға ниетті екенін қосты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus