Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жер бетінде Kp5+ деңгейіндегі магнит дауылы басталды: кімдер сақ болғаны жөн?

Жерде Kp5+ деңгейіндегі магнит дауылы басталды. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтына қарасты Күн астрономиясы зертханасының ресми Telegram-арнасында айтылды, - деп хабарлайды Tengri Life.

Мамандардың мәліметінше, Күнде болған жарқылдан кейін кеше түнде Жерге Күн желі жеткен. Соның әсерінен қазір магнит дауылы болып, поляр шұғыласы бұрынғыдан әлдеқайда жарқырай түскен. Оны әдеттегіден оңтүстікке қарай орналасқан аймақтардан да байқауға болады.

Магнит дауылының қазіргі деңгейінде электр желілерінде болмашы ауытқулар болып, спутниктік құрылғылар мен навигациялық жүйелердің жұмысында аздаған іркілістер туындауы мүмкін. Сондай-ақ, жоғары ендіктерде поляр шұғыласы байқалып, ауа райының өзгерісіне сезімтал адамдардың жалпы көңіл күйі мен денсаулығына әсер етуі ықтимал.

Мұндай өзгерістерге сезімтал адамдарға осы күндері денсаулығына көбірек көңіл бөлген жөн. Бас ауыруы, әлсіздік пен ұйқышылдық байқалуы мүмкін. Сондықтан ұйқыны қандырып, бөлмені жиі желдетіп, кофе мен күшті ішімдіктерді шамадан тыс тұтынбауға кеңес беріледі.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын ғалымдар Күн бетінде ұзаққа созылған тыныштықтан кейін күшті жарқыл болғанын тіркеген еді. Ал бір апта бұрын Күннен ұзындығы шамамен 500 мың шақырымға жететін алып протуберанецтің, яғни аса ыстық газ ағынының атқылағаны анықталған болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus