Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ақтөбеде бір аптада екі әйел кісі қолынан қаза тапты: тұрғын үйде тағы бір трагедия болды

Ақтөбеде 26 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікпен марқұмның бұрынғы күйеуі ұсталды. Қайғылы оқиға 6 қарашаға қараған түні қаланың тұрғын алаптарының бірінде болған. Марқұмның артында кішкентай қызы қалды. Бұл кейінгі бірнеше күнде қалада болған осындай екінші жағдай, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қылмыс Есет батыр тұрғын алабындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.


Фото: Tengrinews.kz
26 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен оның 31 жастағы бұрынғы күйеуі ұсталды. Ерлі-зайыптының төрт жастағы қызы бар. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Күдікті анықталып, ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс бұрынғы ерлі-зайыпты арасындағы тұрмыстық жанжал салдарынан жасалған. Айта кетейік, бұған дейін полицияға тұрмыстық жанжалдарға қатысты ешқандай арыз-шағым, өтініш немесе хабарлама түспеген", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.




Марқұм туралы оның туысы, жергілікті журналист Жанар Қожанова айтып берді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында ол туралы естеліктерін бөлісті.

"Сені енді құшақтай алмаймыз, даусыңды ести алмаймыз, бірге күле алмаймыз. Сенің орныңды ешкім толтыра алмайды. Артыңда қалған жақындарыңның жүрегінде мәңгілік сағыныш қалды…", - деп жазды Жанар Қожанова әлеуметтік желіде.

Адам өлтіру қылмысы жасалды делінген пәтерге мөр басылған. Марқұмның көршілері оқиғадан кейін әлі де ес жия алмай отыр.
Фото: Tengrinews.kz

"Ол өте жақсы адам еді. Шамамен бір жыл бұрын осы жерге көшіп келген. Біз оны қызымен және анасымен бірге көретінбіз. Ал күйеуін мүлде танымайтынбыз. Әрдайым ақжарқын, тәрбиелі болатын. Бір-екі рет балаларымды уақытша оған қалдырып, қарап беруін сұрағанмын", - деді марқұмның көршісі Мейрамгүл Жүсіпова.

Айта кетейік, бұл кейінгі бірнеше күнде Ақтөбеде әйел кісі қолынан қаза тапқан екінші жағдай.
Ақтөбедегі кісі өлімінен кейін Неке сарайы өкілдері не деді?
3 қарашада Ақтөбедегі Неке сарайы 26 жастағы әйел кісі қолынан қаза тапты. Полицияның алдын ала мәліметінше, күдікті оның бұрынғы азаматтық некедегі жолдасы. Олардың арасында ата-ана құқығынан бас тарту мәселесіне байланысты жанжал туындаған. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus