Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бөліп төлеу тәртібі өзгеруі мүмкін: Ұлттық банк не дейді?

Қазақстанда бөліп төлеудің жаңа ережелері талқыланып жатыр. Ұсыныстардың ішінде ақпаратты несие бюроларына беру, борыштық жүктемені есептеу кезінде міндеттемелерді ескеру және қазақстандықтарды қорғау бойынша қосымша талаптар бар. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Баймағамбетовтің айтуынша, Ұлттық банк жариялаған дискуссиялық құжат - white paper-ге ұсыныстар қабылдау жақында аяқталды. Онда реттеуші бөліп төлеу нарығын реттеудің ықтимал нұсқаларын ұсынды. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ.
Анықтама: White paper - мәселе мен оны шешудің мүмкін болатын жолдары сипатталған дискуссиялық құжат.

"Менің білуімше, ұсыныстарды қабылдау осыдан бір-екі күн бұрын ғана аяқталды. Естуімше, өте көп пікір түскен. Қазір оларды талдау жұмыстары жүріп жатыр", - деді Баймағамбетов.

Жаңа ережелерге қандай бөліп төлеу түрлері енуі мүмкін?
Ұлттық банк төрағасының орынбасары банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы рәсімделген бөліп төлеулер қазірдің өзінде реттелетін өрісте екенін түсіндірді.
"Негізінде, бұл - несие", - деп атап өтті ол.
Алайда нарықтың өзге де қатысушылары ұқсас құралдарды ұсынады. Мұндай бөліп төлеулерге қатысты сатып алушылардың құқықтарын қорғау, ақпаратты ашу, тұрақсыздық айыбы мен айыппұлдарды есептеу шарттары туралы сұрақтар туындайды. Бөлек мәселе - азаматтардың борыштық жүктемесін бағалау кезінде бұл міндеттемелерді ескеру қажеттілігі.
Жаңа талаптар сатып алушыларға қалай әсер етуі мүмкін?
Талқыланып жатқан ұсыныстардың ішінде - бөліп төлеу туралы мәліметтерді несие бюроларына беру бар. Бұл мазмұны жағынан несиеге барынша ұқсас міндеттемелерді есепке алуға мүмкіндік береді.

"Мысалы, ақпарат қолжетімді болуы үшін және бұл құралдар несиеге барынша ұқсас болған жағдайда, оны борыштық жүктемені есептеу кезінде ескеру үшін несие бюросына беру қажеттілігі талқыланып жатыр", - деп нақтылады Баймағамбетов.

Бұдан бөлек, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша жекелеген талаптар қарастырылып жатыр. Олар бөліп төлеу шарттары, сондай-ақ тұрақсыздық айыбы мен айыппұлдар туралы ақпаратты ашуға қатысты болуы мүмкін.
Сонымен бірге Баймағамбетов әзірге тек ұсыныстар туралы сөз болып жатқанын қоса кетті.

"Бұл түпкілікті шешім емес, сондықтан мен "дәл осылай болады" деп айта алмаймын. Құжат ықтимал нұсқаларды белгілеу, пікірлер жинау, содан кейін шешімдерді, соның ішінде үкіметке ұсыну үшін жарияланды", - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Қандай ұсыныстар заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етуі мүмкін?
Баймағамбетовтің айтуынша, кейбір ұсыныстарды нормативтік актілер арқылы жүзеге асыруға болады, ал басқалары заңнамалық өзгерістерді және үкіметтің қатысуын талап етеді.
Атап айтқанда, қаржылық реттеушілерге қосымша өкілеттіктер беру немесе нарық қатысушылары үшін ақпараттық міндеттемелер - мысалы, мәліметтерді несие бюроларына беру бойынша талаптар қою қажеттілігі туындауы мүмкін.
Қазіргі уақытта Ұлттық банк түскен пікірлерді зерделеп, реттеудің нарыққа тигізетін ықтимал әсерін бағалап жатыр. Индустрия қатысушылары қандай талаптарды қолайлы, ал қайсысын қолайсыз деп санайтынын хабарлап жатыр.

"Бұл жерде әрқашан белгілі бір мүдделер қақтығысы болатыны түсінікті. Мұның бәрін талдап, пысықтау қажет", - деп атап өтті Баймағамбетов.

Келесі қадам - ұсыныстарды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (ҚНРДА) талқылау болмақ.

"Жақын арада біз нақты шешімге келеміз деп ойлаймын, ҚНРДА-мен кеңес өткізіп, нарықтан алынған кері байланысты ескере отырып, өз пайымымызды баяндаймыз. Қазіргі уақытта осы талдау жұмыстары жүріп жатыр", - деді ол.

Реттеушілер неге бөліп төлеу туралы көбірек мәлімет алғысы келеді?
Бұған дейін біз несие тарихынан тыс қалып қоюы мүмкін қарыздар мәселесі туралы айтқан болатынбыз. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов түсіндіруінше, егер сатып алушы бөліп төлеуді тікелей сатушыдан рәсімдесе, ол туралы мәліметтер банкке қолжетімсіз болуы мүмкін. Соның салдарынан жаңа несие берген кезде банк адамның барлық борыштық жүктемесін көре алмайды.
Бұған дейін Ұлттық банк пен ҚНРДА жаңа ережелерді талқылау туралы толығырақ айтқан болатын. Әңгіме "қазір сатып ал, кейін төле" - BNPL - сервистері мен қаржылық емес компаниялар ұсынатын бөліп төлеудің басқа да нұсқалары туралы болып отыр. Реттеушінің міндеттерінің бірі - міндеттемелер туралы толық мәлімет алу және тұтынушыларды қорғау бойынша минималды талаптарды анықтау.
Сонымен қатар Ұлттық банк бұл нарықты шектеуді мақсат етпейтінін баса айтты. Реттеудің нақты моделін қатысушылармен және басқа реттеушілермен талқылағаннан кейін таңдау ұсынылды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus