Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Оралда қашқын олигарх Балушкинге тиесілі болған көлік орталығы сатылымға шығарылды

Оралда бұрын сырттай сотталған олигарх, "Бипэк Авто Қазақстан" АҚ иесі Анатолий Балушкинге тиесілі болған көлік орталығы сатылымға шығарылды. Ғимараттың сыртқы жағдайы қандай, қаншаға бағаланды және Балушкин не үшін сотталды – Tengrinews.kz материалында.
Автоорталық неге саудаға шығарылды?
e-Qazyna.kz электронды сауда порталындағы хабарландыруға сәйкес, Оралдағы ауданы 1,5 мың шаршы метр болатын автоорталық жер телімімен бірге сатылымға шығарылған.
Нысан Сырым Датұлы көшесі, 28/1 мекенжайында орналасқан. Ол 1 миллиард 531 миллион теңгеге бағаланды.
Нысан осы сомаға саудаға қойылды, аукцион 13 қараша сағат 11:00-ге белгіленген.
Оралда саудаға шығарылған автоорталық ғимараты. Фото: e-Qazyna.kz порталы
Оралда саудаға шығарылған автоорталық. Фото: e-Qazyna.kz порталы
Автоорталық кімге тиесілі?
Автоорталықты сатушы – "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ, ал борышкер ретінде "Бипэк Авто Қазақстан" АҚ көрсетілген.
Лотқа тіркелген құжаттар арасында борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы 2026 жылғы 12 мамырдағы қаулы бар.
Борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулы. Лотқа тіркелген құжаттардағы деректер
Құжатқа сәйкес, Өскемен бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы компанияның 500 миллион теңге көлемінде берешегі бар екенін анықтаған. Қарызды өндіріп алу әрекеттері нәтиже бермеген. Салық органы берешектің өтелмегенін анықтап, соған байланысты қарызды мүлік есебінен өндіру туралы шешім қабылдаған.
Құжатта борышкердің аты-жөні көрсетілмеген, бірақ компания БСН-і – 091240008010 деп жазылған. Kompra.kz деректеріне сүйенсек, бұл "Бипэк Авто Қазақстан" компаниясы.
Қазір сервисте компания құрылтайшыларының тізімі жасырылған. Алайда Kompra.kz мәліметтері бойынша, 2009 жылдан бастап "Бипэк Авто Қазақстан" ЖШС құрылтайшысы ретінде Анатолий Балушкин тіркелген. Бұл мәліметтер 2019 жылға дейін ашық қолжетімділікте болды, кейін құрылтайшылар туралы деректер көпшілікке көрсетілмейтін болды.
Сонымен қатар Tengrinews.kz иелігіндегі аудиторлық есепте 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша компанияның бірнеше еншілес ұйымда (суретте) үлесі болғаны, олар да Анатолий Балушкинмен байланысты екені көрсетілген.
"Бипэк Авто Қазақстанмен" байланысты компаниялар. Аудиторлық есептегі деректер
Компания кейінгі рет 2018 жылы қайта тіркеуден өткен. Мұндай рәсім тіркеу деректеріне елеулі өзгеріс енгізілгенде, мысалы, құрылтайшылар немесе заңды мекенжай ауысқанда жүргізіледі. Бұл ретте қайта тіркеуден өткен соң да Анатолий Балушкин компания иесі ретінде тізімде қала берген.
Алайда қазіргі анықтамада АҚ-ның төрт құрылтайшысы бар екені көрсетілген. Бірақ ашық деректер негізінде олардың нақты кімдер екенін анықтау мүмкін болмады.
Анатолий Балушкин деген кім және ол не үшін сотталды?
Анатолий Балушкин – бизнесмен, 2021 жылы ол Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай 50 адамы тізіміне кірген.
2021 жылғы тамызда оған іздеу жарияланды. Кейін Қаржылық мониторинг агенттігі Балушкинге қатысты 190-баптың 4-бөлігі "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады.
qamqor.gov.kz сайтынан алынған скриншот
2023 жылғы ақпанда Балушкин тергеу амалдарына ресми түрде шақырылды. Алайда ол келмеді.
Нәтижесінде 2025 жылы Анатолий Балушкин 9 жылға сырттай сотталды. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Істің екінші фигуранты Ерік Сағымбаев дәл осындай айыппен 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Анатолий Балушкин. Фото:facebook.com/bipek.kz
Сот 2013-2020 жылдар аралығында Балушкин мен оның сыбайласы "Азия Авто – БИПЭК Авто" арқылы 66 миллиард теңге несие алып, оны сыртқа шығарғанын анықтады.
Активтерді жасыру үшін 2019-2020 жылдары жаңа компаниялар құрылып, мүліктер соларға қайта жазылған. Бұдан бөлек 2020 жылы жетіспеушілікті жабу үшін 3,9 миллиард теңгеге "сыйақылар" ресімделген, бірақ бұл ақша қызметкерлерге төленбеген.
Сондай-ақ 2010-2020 жылдар аралығында компания салықтық жеңілдіктерді пайдаланғанымен, зауытты іске қосуды қоса алғанда, өз міндеттемелерін орындамағаны белгілі болды. Жеңілдіктер жалған құжаттар бойынша ұзартылған, кейін сот бұл келісімдерді заңсыз деп таныды.
Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 173 миллиард теңгеге бағаланды.
Қазақстан Балушкинді жазасын өтеу үшін Ресейден қайтаруға әрекеттенді. Алайда көрші елдің Әділет министрлігі бас тартты.
2025 жылдың көктемінде "Бипэк Автоның" қашқын басшысы "Ахмат" командирінің видеосында көрінді.
"Бипэк Авто Қазақстан" борышкер-компания туралы не белгілі?
Kompra.kz сервисінің деректері бойынша, компания 2018 жылғы 18 шілдеде тіркелген және ірі кәсіпорындар санатына жатады. Оның негізгі қызметі – автокөліктер мен жеңіл коммерциялық көліктерді бөлшек саудада сату. Заңды мекенжайы Өскеменде орналасқан, алғашқы басшысы ретінде Владимир Попов көрсетілген.
Компанияның Қазақстанның түрлі қаласында, соның ішінде Оралда 16 филиалы болған.
Қазір кәсіпорын жұмыс істемейтін субъект ретінде есепте тұр. Сервис мәліметінше, оның салық берешегі 1,09 миллиард теңгеден асады. Бұл соманың шамамен 551,2 миллион теңгесі негізгі қарыз болса, тағы 543,3 миллионы өсімпұл.
Сонымен қатар Kompra.kz деректері бойынша компанияның жалпы берешегі 1,32 миллиард теңгеден асады. Оның мүлкі мен көліктеріне тыйым салынған. Компания жұмыс істемейді деп танылды. Kompra.kz деректері
Салық аударымдарының динамикасына қарағанда, қылмыстық іс қозғалғаннан бастап компания бірден жұмысын тоқтатқан.
Салық аударымдарының динамикасы. Kompra.kz деректері
Компания есебінде жалпы сомасы 5,3 миллиард теңге болатын 6 мыңнан аса мемлекеттік келісімшарт бар. Сондай-ақ компания 248 сот процесінде аталады, оның жартысынан астамында жауапкер ретінде танылған.
Балушкиннің тағы қандай мүлкі сатылымға шығарылды?
2026 жылдың көктемінде сотталған Анатолий Балушкинге тиесілі Өскемендегі "Азия Авто – Бипэк Авто" аяқталмаған автозауытын мемлекетке өтеусіз беру туралы шешім қабылданды.
Зауыт аумағындағы тауарлар мен материалдар шамамен 124 миллион теңгеге бағаланды. Нысан Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің теңгеріміне беріледі. Мән-жайы.
Сондай-ақ Балушкиннің меншігінде "Рахман қайнары" шипажайы болған. Бұл Қатонқарағай ұлттық паркінде орналасқан Қазақстандағы ең танымал шипажайлардың бірі. Нысан Алтай таулары қойнауындағы көрікті жерде, Рахман көлі маңында, теңіз деңгейінен шамамен 1 760 метр биіктікте орналасқан.
"Рахман қайнары" жабылатыны туралы осыдан бес жыл бұрын – 2021 жылғы 1 маусымда жарияланды. Хабарлама "Азия Авто - БИПЭК Авто" компаниялар тобы атынан таратылды:

"Бізде идеялар мен жоспарлар болды. Бірақ бүгін команда барлық досымызға, серіктесімізге, қонақтарымызға алғыс айтып, қоштасады".

Бірнеше айдан кейін Анатолий Балушкинге іздеу жарияланды. ШҚО-дағы әйгілі курорттың тағдыры не болмақ – мына сілтеме арқылы оқыңыз.
Тағы оқыңыз: Өскемендегі Балушкиннің бұрынғы көлік зауыты мемлекет меншігіне өтеді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus