Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жаңбыр, қар, көктайғақ: 5 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Батыста жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады деп болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Астана - күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы.

Алматы - күн құбылмалы бұлтты болады, күндіз кей уақыттарда жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін батысқа ауысады, жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні 13 метр/секундқа жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 11-13 градус жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, кей уақыттарда екпіні 15-20 метр/секунд болады. Ауа температурасы түнде 3 аяз бен 2 жылы аралығында, күндіз 2-7 градус жылы.

Шымкент - күн құбылмалы бұлтты болады, түнде және таңертең жаңбыр жауып, тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 метр/секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 16-18 градус жылы.

Ақмола облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 метр/секундқа жетеді. Ауа температурасы түнде 4-9, облыстың батысында, солтүстігінде 1 градус аяз, күндіз 5-10 градус жылы. Көкшетау - күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14 метр/секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.

Алматы облысы - облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады, облыстың таулы аудандарында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 1-6 градус жылы, облыстың солтүстігінде 3 градус үсік, облыстың таулы аудандарында 4 градус аяз, күндіз 10-15, таулы аудандарда 2-7 градус жылы. Қонаев - күн құбылмалы бұлтты болады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, кей уақыттарда екпіні 15-20 метр/секунд болады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 10-12 градус жылы.

Жетісу облысы - түнде облыстың батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Облыстың орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 метр/секундқа жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 5 градус аяз, күндіз 10-15, орталықта 7, облыстың таулы аудандарында 4 градус жылы. Талдықорған - күн бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауады. Кей уақыттарда тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан 1-6 метр/секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 7-9 градус жылы.

Түркістан облысы - түнде облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, облыстың солтүстігінде 3 градус аяз, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 11 градус жылы. Түркістан - күн құбылмалы бұлтты болады, түнде жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 метр/секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 16-18 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысы - жаңбыр жауады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы түнде 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 метр/секундқа жетеді. Ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 2-7, оңтүстік-шығыста 10 градус жылы. Орал - күн бұлтты болады, жаңбыр жауады, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстіктен соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде және күндіз 3-5 градус жылы.

Атырау облысы - жаңбыр жауады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23-28 метр/секундқа жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 10-15, облыстың батысында 7 градус жылы. Атырау - күн бұлтты болады, кей уақыттарда жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 11-13 градус жылы.

Маңғыстау облысы - жаңбыр жауады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстіктен соғады, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстік-шығысында 5, күндіз 17-22, облыстың солтүстік-батысында 14 градус жылы болады. Ақтау - бұлтты, жаңбыр жауады, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде кей уақыттарда тұман түседі. Жел оңтүстіктен соғады, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 18-20 градус жылы.Ақтөбе облысы - түнде облыстың солтүстік-батысында жаңбыр жауады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жаңбыр жауып, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 9-14, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, облыстың шығысында 3 градус аяз, күндіз 10-15 градус жылы. Ақтөбе - бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда секундына 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 11-13 градус жылы. Қостанай облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 2-7 градус аяз, облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус жылы, күндіз 6-11, облыстың оңтүстігінде 14 градус жылы. Қостанай - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 9-11 градус жылы. Солтүстік Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың оңтүстік-батысында 9 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы. Петропавл - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстіктен, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы. Павлодар облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 2-7 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы. Павлодар - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы. Қарағанды облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 градус аяз, облыстың оңтүстігінде 1 градус жылы, күндіз 5-10 градус жылы. Қарағанды - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан түнде 1-6, күндіз секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы. Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, кейін оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, күндіз 9-14 градус жылы. Жезқазған - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, кейін оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы. Шығыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың таулы аудандарында 9 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 1 градус аяз. Өскемен - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы. Абай облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, күндіз 4-9, облыстың оңтүстігінде 12 градус жылы. Семей - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы. Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде 2 градус үсік жүреді, күндіз 15-20 градус жылы. Қызылорда - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 18-20 градус жылы. Жамбыл облысы - түнде оңтүстікте, шығыста жаңбыр жауады, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, күндіз оңтүстікте, облыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады. Таулы аудандарда тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 4-9 градус жылы, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында 2 градус аяз, күндіз 12-17, облыстың таулы аудандарында 8 градус жылы. Тараз - көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан, секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 14-16 градус жылы.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus