Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Несиені мерзімінен бұрын өтеу: ақшаның бір бөлігін қалай қайтаруға болады?

Несиені мерзімінен бұрын өтеген жағдайда сақтандыру төлемінің бір бөлігін қайтарып алуға болады. Қанша ақша алуға болатынын, қайда жүгіну керектігін және бүкіл сома қандай мерзімде төленуі тиіс екенін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайтарым кімдерге тиесілі?
Қайтарып алу құқығы банктік қарыз немесе микрокредитпен бірге ерікті сақтандыруды ресімдеген және кредитор алдындағы міндеттемелерін толықтай мерзімінен бұрын орындаған жеке тұлғаларға қатысты. Бұл, мысалы, қарыз алушының өмірі мен денсаулығын немесе кепіл мүлкін сақтандыру болуы мүмкін.
Ақшаны алу үшін қарыз алушы шартты бұзу және сыйлықақының бір бөлігін қайтару туралы өтінішпен сақтандыру компаниясына жеке өзі жүгінуі қажет. Ақша автоматты түрде қайтарылмайды.
Қанша соманы қайтаруға болады?
Агенттік мынадай мысал келтірді: несие мен сақтандыру бес жылға ресімделген, полис құны 150 мың теңге болды, ал қарыз алушы несиені бір жылдан кейін толық өтеген.
Сақтандырудың қолданылған бір жылына 30 мың теңге келеді. Өтпеген төрт жыл үшін тағы 120 мың теңге қалады. Сақтандыру компаниясы бұл сомадан шартты бұзуға кеткен шығындарды ұстап қалуға құқылы, бірақ ол бүкіл сақтандыру сыйлықақысының 10 пайызынан аспауы тиіс - бұл жағдайда 15 мың теңгеден көп емес.
Егер сақтандыру компаниясы рұқсат етілген максималды соманы ұстап қалса, қарыз алушыға 105 мың теңге қайтарылады. Егер шартты бұзуға кеткен нақты шығындар аз болса, төлем көбірек болады - 120 мың теңгеге дейін.

"Сақтандырушы өтініш алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде сақтанушыға - жеке тұлғаға сақтандырудың қолданылу уақытына пропорционалды бөлігін және шығындарды шегеріп тастағандағы алынған сақтандыру сыйлықақысын қайтаруға міндетті", - деп хабарлады ҚНРДА.

Қайда жүгіну керек және қандай құжаттар өткізу қажет?
Жоғарыда айтылғандай, өтінішті сақтандыру компаниясына тапсыру қажет. Жүгіну тәртібі мен құжаттар тізімі сақтандыру ережелерімен және шарт талаптарымен айқындалады. Қайтарып алу құқығын растау үшін қарыз алушыға қарыз және сақтандыру шарттары, сондай-ақ несиенің толық мерзімінен бұрын өтелгені туралы құжат қажет болады.
Егер сақтандыру компаниясы бас тартса, жауап бермесе немесе тиісті сомадан аз қайтарса, ҚНРДА-ға жүгінуге болады. Өтінішке шарттарды, несиенің өтелгені туралы растаманы, сақтандыру компаниясына жазылған өтінішті және оның жауабын (бар болса) қоса беру керек.
Агенттіктің мәліметінше, қарыз алушылар көбіне сыйлықақыны қайтарудан бас тартуға, төлем сомасымен келіспеуге, мерзімнің кешіктірілуіне және сақтандыру шарттары туралы ақпараттың жеткіліксіздігіне шағымданады. Бұл ретте дәл несиені мерзімінен бұрын өтегеннен кейін сақтандыруды қайтару бойынша өтініштердің жеке есебі жүргізілмейді.
Тағы не білген жөн
Бұған дейін біз несие ресімдеу кезіндегі сақтандыру мөлшерлеме мен жалпы артық төлемге қалай әсер ететінін; төлемді кім алатынын және шартқа қол қоймас бұрын қандай талаптарды тексеру керектігін талдаған болатынбыз.
Сондай-ақ редакция несие төлеу қиындаған жандарға арналған нұсқаулықты жариялады: қайта құрылымдауға қалай өтініш беруге болады және банк немесе микроқаржы ұйымы қандай нұсқаларды ұсына алады.
Тағы оқыңыз: Несие бойынша төлем екі есе азаюы мүмкін: Қазақстанда бұған кімдердің құқығы бар?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus