Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жалдамалы пәтерлерде жасырынып жүрген: полиция алаяқтық жасады деген күдіктінің ұсталу сәтін көрсетті

Астана полицейлері халықаралық іздеуде жүрген 45 жастағы ер адамды Шымкентте ұстады. Ол 4 миллиард теңгеден аса қаржыны алаяқтық жолмен иемденді деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында күдіктінің сыбайластарымен бірге Астанада көпқабатты тұрғын үй кешенін саламыз деп, азаматтарды алдап, олардың сеніміне кіріп, ақша жинағаны анықталды. Алайда құрылыс қажет рұқсат құжаттарынсыз және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысынсыз жүргізілген.
Қылмыстық іс бойынша алданған 292 үлескер анықталды. Оларға келтірілген жалпы шығын 4 миллиард теңгеден асады.

"Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктінің ұзақ уақыт бойы Шымкентте жасырынып, жалға алған пәтерлерін жиі ауыстырып жүргені анықталды. Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары күдіктінің ұсталған сәтінен түсірілген бейнежазбаны жариялады.

Бұған дейін Астанада есірткі сақтады және таратты деген күдікпен екі шетелдік ұсталған еді. Полицейлер олардың көлігінен ішінде белгісіз зат салынған пакеттер мен сұйықтық құйылған капсулалар бар чемодан тапқан.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus