Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда жылы болады, Астанада күн суытады

Қазанның соңғы күндері мен қарашаның басында Астана және Алматы тұрғындарын негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтеді. Қос қалада да жауын-шашын болжанбайды, алайда ауа температурасында айырмашылық болады: дүйсенбіге қарай Алматыда күндіз +16 градусқа дейін жылыса, Астанада күн суытады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Астанада ауа райы қандай болады?

Сенбі, 31 қазанда елордада күн құбылмалы болады, жауын-шашын болжанбайды. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы: түнде секундына 3-8, күндіз 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -1...-3 градус, күндіз +9…+11 градус шамасында болады.

1 қараша, жексенбіде күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы: түнде секундына 2-7, күндіз 5-10 метрге жетеді. Түнде -1...-3 градус, күндіз +9…+11 градус болады.

2 қараша, дүйсенбіде күн құбылмалы болады, жауын-шашын болжанбайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді. Түнде +1…+3 градус, күндіз +6…+8 градус болады.

Алматыда 16 градусқа дейін жылы болады

Алматыда алдағы үш күнде құбылмалы, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

31 қазан мен 1 қарашада түнде +1…+3 градус, күндіз +12…+14 градус болады.

Дүйсенбі, 2 қарашада күн біршама жылынады: түнде ауа температурасы +2…+4 градус болса, күндіз +14…+16 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік-шығыс және шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді.

Демалыс күндері Қазақстанда қар жауып, тұман түседі

Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болатынын айтқан еді. Солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады деп болжанады. Бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді, шаңды дауыл тұруы мүмкін. Толық болжамды мына жерден оқыңыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus