Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыдағы пәтердің ерекше дизайны Қазнетті таңғалдырды

Алматы тұрғыны ауданы шамамен 132 шаршы метр болатын пәтер сатылатыны туралы ерекше хабарландыруға тап болды. Көпшіліктің назарын жылжымайтын мүліктің өзінен гөрі, оның жуынатын бөлмесіндегі шешім аударды: душ шүмегі тура унитаздың үстінде орналасқан. Желі қолданушыларын таңғалдырған бұл жазба 100 мыңнан аса қаралым жинады, деп хабарлайды Tengri Life.
Әлеуметтік желідегі ерекше хабарландыру туралы қазіргі уақытта баспана іздеп жүрген алматылық азамат айтып берді.

"Пәтер хабарландыруларынан бәрін көрдім деп ойлаушы едім. Жоқ, қателесіппін", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Скриншот: Threads
Жазба 100 мыңнан аса қаралым жинады. Пікір қалдырушылар бұл оғаш жоспарлаудың себебін түсіндіруге тырысты. Олардың пайымдауынша, мұндай шешім кеңістікті үнемдеу мақсатында жасалуы мүмкін. Мұндай жуынатын бөлмелер Еуропа мен Азияның кейбір елдерінде кездеседі, онда үй иелері әрбір бос метрді тиімді пайдалануға тырысады.

"Мен әжетханасы дәл кіреберісте, есіксіз әрі пердесіз, жұрттың көз алдында тұрған нұсқаны көргенмін. Ал душ болса тіпті жатын бөлмеде орналасқан екен", "Құрбым Парижден "бөлмедегі душ" опциясы бар нөмір жалдаған. Соңында душ шүмегі ешқандай қалқасыз, шынымен де кереуеттің дәл жанында болып шықты", "Қытайдағы көптеген пәтерде жуынатын бөлме дәл осындай", "Мүмкін, үй иесі өмірінің жартысын түрмеде өткізген шығар. Содан қалған ностальгия болар", - деп жазды желі қолданушылары.

Қолданушыларды бәрінен де таңғалдырғаны - бұл тар пәтер емес еді. Жарияланым авторының айтуынша, баспананың ауданы шамамен 130 шаршы метрді құраған, ал пәтерде барлығы үш жуынатын бөлме болған.
Мұндай кең көлемдегі пәтер иелерінің неге душты тікелей унитаздың үстіне орналастыруды жөн көргені жұмбақ күйінде қалды.
Біз пәтер сату туралы бастапқы хабарландыруды табуға тырыстық, алайда материал дайындалу барысында ол қолжетімсіз болып шықты. Сондықтан жылжымайтын мүліктің егжей-тегжейін, оның жоспарлануын және мұндай дизайнерлік шешімнің себептерін нақтылау мүмкін болмады.
Тағы оқыңыз: Қасбеттегі кондиционерге тыйым және бірыңғай балкон: дизайн-код Астанада нені өзгертеді?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus