Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Роналду тарихтағы үздік деп танылғаннан кейін хет-трик жасап, командасына жеңіс сыйлады

Португалия құрамасы мен Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының жұлдызы Криштиану Роналду "Әл-Холудқа" қарсы матчте үш гол соқты. Кеше ғана шабуылшы тарихтағы ең үздік "Алтын доп" иегерін анықтау дауыс беруінде жеңіске жеткен болатын, деп хабарлайды Tengri Sport.
41 жастағы португалиялық Сауд Арабиясы чемпионатының матчіне алғашқы минуттардан шыққанымен, бірінші таймда көзге түсе алмады. Командалар алғашқы 45 минутты 2:2 есебімен аяқтады, ал "Әл-Наср" сапында Жоао Феликс (екі нәтижелі пас) пен Садьо Мане (гол) белсенділік танытты.
Екінші таймда Феликс пен Мане нәтижелі әрекеттерін жалғастырды, бірақ бұл жолы екеуі де Криштиануға ассистент болды. 66-шы минутта Криштиану айып алаңының ортасынан құрамадағы серіктесінің пасын голға айналдырса, алты минуттан кейін Роналду дәл сол нүктеден допты қақпаға баспен бағыттады.
81-ші минутта Мане жеке дара алға шыққанымен, қақпашыдан айласын асыра алмады, содан кейін ол бос қалған қақпаға пас шығарып, Роналду кездесудің нүктесін қойды.
Матч 5:3 есебімен аяқталды, ал Криштиану Flashscore нұсқасы бойынша кездесудің үздік ойыншысы деп танылды.

Роналду тарихи жетістікке бір қадам қалды
Еске сала кетейік, әйгілі португалиялық шабуылшы бірегей сұрмергендік рекордты жаңарту жолындағы жарысын жалғастырып келеді. Ол мансабында мың гол соққан алғашқы футболшы атануы мүмкін.
"Әл-Холуд" қақпасына жасаған хет-тригінен кейін Роналду бұл жетістікке 15 голға жақындады. Қазір оның еншісінде 985 гол бар.
Роналдудың "Алтын добы" тарихтағы ең үздігі деп танылды
Айта кетейік, "Әл-Насрдың" жаңа матчі алдында Криштиану Роналду жағымды жаңалық естіді: халықтың дауыс беруі нәтижесі бойынша оның 2008 жылғы "Алтын доп" сыйлығындағы жеңісі тарихтағы ең үздік деп танылды.

"Футбол жанкүйерлерге тиесілі! Дүние жүзіндегі барлық жанкүйерге рақмет, барлық уақыттың "Алтын добы" да сіздердікі", - деп жазды Криштиану дауыс беру аяқталғаннан кейін әлеуметтік желіде.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Cristiano Ronaldo (@cristiano) жарияланымы


“Тарихтағы ең үздік“: Роналду “Алтын допқа“ ақылы дауыс беруде Мессиден басым түсті

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus