Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанды ауқымды өзгерістер күтіп тұр: Президенттің он негізгі мәлімдемесі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Ол ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеруді, 2027 жылы ауқымды құрылыс жұмыстарын бастауды және Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлуді тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы инфляция, әлеуметтік көмек, салық жүйесі және жол сапасына қатысты пікір білдірді. Tengrinews.kz басты мәлімдемелерді жинақтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінің басында биылғы Жолдаудың ерекше маңызына тоқталды.
2027 жыл – Жалпыхалықтық құрылыс уақыты
Президент 2027 жылды жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады.
Басты ұстаным мынадай: әлемді жасанды интеллект жаулап жатқанда, Қазақстан өмір сүру үшін нақты, мықты негіз қалайды.

"Жасанды интеллект дәуірінің сын-қатерлеріне жалпыхалықтық жауабымыз – құрылыс салу, тағы да құрылыс салу", – деп қадап айтты Президент.

Құрылыс жұмыстары ірі мегаполистерден бастап шалғайдағы ауылдарға дейінгі барлық өңірді қамтиды.
Жаңа жолдар салынып, вокзалдар мен әуежайлар жаңартылады. Ауруханалар, спорт кешендері, кітапханалар мен шығармашылық үйлері бой көтереді. Тұрғын үй құрылысы, ауылдарға газ бен таза ауыз су тарту жұмыстары жалғасады.
Қазақстанды жаңартуға Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді
2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге көлемінде қомақты қаражат бөлінді. Президент Тоқаев бұл шешімді былай түсіндірді: Ұлттық қордың негізгі миссиясы – ақшаны шотта сақтап қана қою емес, оны қазақстандықтардың жайлы өмірі үшін қазірден бастап инвестициялау.

"Ұлттық қордың ең басты мақсаты, миссиясы – ел байлығын ұқыпты ұстау және одан әрі арттыру, сондай-ақ, оны қазіргі және келешек ұрпақтың игілігіне жарату. Ұлттық қор көп жылдар бойы осы негізгі міндетті лайықты орындап келеді, яғни қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосуда. Жас ұрпақтың игілігін ойласақ, бұл бағытта қазірден бастап нақты әрі батыл қадамдар жасауымыз керек. Өзекті мәселелерді кейінге қалдыруға болмайды. Әр мәселе өз шешімін табуға тиіс. Басты талап – осы. Кейінгі буынға өркениетті, озық, жаңарған мемлекетті аманат етуіміз керек. Бұл – біздің міндетіміз және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз", – деді Президент.

Әлеуметтік жобаларға арналған алғашқы 1,5 триллион теңге 2027 жылдың басында бағытталады. Қаражаттың дәл қайда жұмсалатынын осы жерден оқи аласыздар.
Қазақстан әлемдегі топ-50 экономика қатарына қосылып жатыр
Президент еліміздің экономикалық әлеуеті сенімді түрде артып келе жатқанын хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 2026 жылы Қазақстан мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуді көздейді:

400 миллиард доллар – елдің ІЖӨ-сі осы межеге жақындайды.
19 000 доллар – жан басына шаққандағы ІЖӨ осы деңгейде болады.
Әлем бойынша 47-орын – Қазақстан экономика көлемі бойынша халқы әлдеқайда көп елдерді басып озып, осы позицияға ие болады.
14 пайыз – өңдеу өнеркәсібінің жалпы экономикадағы үлесі осы деңгейден асты.
130 миллиард доллар – елдің жиынтық "қауіпсіздік жастығы".

Мемлекет басшысы бұл әлеуеттің жай ғана шоттарда жатып құнсызданбауы керектігін, оны барлық өңірдегі инфрақұрылымды, жолдарды, мектептер мен ауруханаларды ауқымды түрде жаңартуға жұмсау қажеттігін мәлімдеді.
Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін өседі
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ЕТЖ мөлшері 85 000-нан 110 000 теңгеге дейін артады. Алдағы бұл өсім туралы Президент өз Жолдауында жариялады.
Бұл өзгеріс 1,8 миллионға жуық қазақстандыққа тікелей әсер етеді. 370 мыңнан астам бюджет саласы қызметкерінің табысы өседі.
Жалақының өсуі жұмысшылардың табысына ғана емес, кейбір әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне, сондай-ақ зейнетақы жарналары мен мемлекеттік қорларға аударымдарға да әсер етуі мүмкін. Толығырақ сілтеме бойынша оқыңыз.
Инфляция – "үнсіз жау"
Президент инфляцияны "азаматтардың әл-ауқатын кеміретін үнсіз жау" деп атады. Бағаның өсу қарқыны біршама бәсеңдегеніне қарамастан (жылдық инфляция 9,3% болды), оның деңгейі әлі де тым жоғары болып отыр.
Президенттің басты талабы: Үкімет пен Ұлттық банк бағаның өсуін тиімді тежеу үшін үйлесімді әрекет етуге міндетті.
Тоқаев елдің қаржы жүйесінің өте тұрақты екенін атап өтті:

75 триллион теңгеден аса – қазақстандық банктердің активтері.
52 триллион теңге – халық пен бизнестің депозиттерінің жалпы көлемі.
Салымдардың 78 пайызы теңгемен сақталған.

Әлеуметтік көмек реформасы: "Орынсыз көмек көрсетуге болмайды"
Жолдауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік көмек жүйесін реформалау мәселесін де қозғады.
Ол мемлекеттік көмекті тек оған шынымен мұқтаж жандар ғана алуы тиіс екенін қадап айтты.

"Сондықтан бұл күрделі мәселені "өгізді өлтірмей, арбаны сындырмай", байыппен, салмақты көзқараспен шешу қажет. Артық қыламын деп, тыртық қылуға мүлдем болмайды", – деді Мемлекет басшысы.

"Салық кодексі – қасиетті жазу емес"
Президент жаңа Салық кодексі шынайы өмірден алшақ болмауы тиіс екенін және оған өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев қолданыстағы заңнаманың тым ауқымды, түсінуге қиын әрі "кәсіпкерлер үшін нағыз бас ауруына" айналғанын айтты. Үкіметке қайшылықтарды жою, нормаларды екіұдай түсіндіруді болдырмау, теңгерімсіздіктер мен бизнеске түсетін артық жүктемені алып тастау тапсырылды.
Министрлер кабинеті кәсіпкерлердің пікіріне құлақ асып, ойын ережелерін жиі өзгертпеу үшін нақты түзетулер пакетін мұқият әзірлеуі тиіс.
Жаңа Азаматтық кодекс
Мемлекет басшысы келесі жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодексті әзірлеп, қабылдау қажеттігін мәлімдеді.
Ескі кодекс өз міндетін атқарды: нарықтық экономика институттарын құруға көмектесті, азаматтық қатынастардың негізін қалап, меншік құқығын қорғауды бекітті. Жаңа кодекстің мақсаты – болашақ экономикасына көшудің құқықтық іргетасына айналу және инвесторлар, кәсіпкерлер мен азаматтар үшін тұрақты жағдай қалыптастыру.
"Нағыз футболға айналдырды": Тоқаев шенеуніктерді жол сапасына қатысты сынға алды
Президент Қазақстандағы автомобиль жолдарының жай-күйі туралы қатаң пікір білдірді. Ол орталық және жергілікті атқарушы органдар регламенттерге сілтеме жасап, "нағыз футбол" ойынын көрсетіп, мәселені шешудің орнына тығырыққа тірегенін айтты.

"Қайталап айтамын: бізге сапалы жолдар қажет. Битумның немесе қиыршық тастың сапасына қатысты сылтау қабылданбайды. Сапалы жолдар мен жол бойындағы заманауи қызмет көрсету инфрақұрылымы болмаса, Қазақстан жаһандық транзиттік дәліз немесе Еуразиядағы көлік-логистикалық торап мәртебесіне үміткер бола алмайды", – деп атап өтті Президент.

Жолдарды жөндеу және олардың сапасы үшін барлық жауапкершілікті Көлік министрлігіне беру тапсырылды. Мынадай міндеттер айтылды:

Барлық өңірді байланыстыратын заманауи автомобиль және теміржолдардың біртұтас желісін құру.
Келесі жылдың соңына дейін шекарадағы барлық автомобиль өткізу пунктін реконструкциялауды сапалы аяқтау.

Мемлекеттік басқару реформасы
Қазақстан Президенті мемлекеттік аппаратта үстіртін емес, терең реформа жүргізуді тапсырды. Реформа жоспары 2027 жылғы 1 маусымға дейін ұсынылады.
Қағазбастылықты, қайталанатын функцияларды жою, сондай-ақ шешім қабылдауды жеделдету үшін шенеуніктердің жұмысына жасанды интеллект қосылады. Басқару құрылымы Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейін қайта қаралады.
Мемлекеттік қызметшілер үшін жаңартылған әдеп қағидаттары әзірленіп, олардың адалдығы мен кәсібилігіне қойылатын талаптар күшейтіледі.
Еске сала кетейік: бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнады. Tengrinews.kz сайтынан видео трансляцияны көре аласыздар.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus