Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Баварияның” бапкері жаттығу кезінде есінен танып қалды: не белгілі?

Мюнхендік "Баварияның" бас бапкері Венсан Компани клубтың жаттығу базасында есінен танып қалып, ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengri Sport.
23 қазанда кешке неміс БАҚ-тары Компаниге шұғыл медициналық көмек қажет болғанын хабарлады.
Бұл жағдай 40 жастағы маман резерв команданың жаттығуын бақылап отырған кезде болған.
Мюнхендік клуб болған жағдайды растап, бапкердің дәрігерлердің бақылауымен ауруханада жатқанын хабарлады.

???? Vincent Kompany has been taken to Munich hospital by ambulance after he collapsed after training today — reports BILD and Sky. Get well soon, Vincent! ❤️ https://t.co/KvynzZu8kB
— Fabrizio Romano (@FabrizioRomano) October 23, 2026
Пікірлерде футболшылар мен клубтардың аккаунттары қолдау сөздерін білдіріп, Компанидің тезірек сауығып кетуін тілеп жатыр.

"Жұмада "Баварияның" резерв командасының жаттығуы кезінде есінен танып қалған Венсан Компаниге медициналық көмек қажет болды. Негізгі құрамның бас бапкері резервшілердің жаттығуын бақылаған болатын. Компани ауруханада мұқият тексеруден өтіп жатыр және дәрігерлердің бақылауында болады. Келесі хабарламаға дейін оның жаттықтырушылар штабы жаттығулар мен матчтерге жетекшілік етеді", – делінген мәлімдемеде.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

FC Bayern (@fcbayern) жарияланымы


Бельгиялық маманның денсаулығы бұған дейін де сыр берген. Кейінгі күндері ол вирус инфекциясын жұқтырып, соның салдарынан бірнеше жаттығу мен лондондық "Арсеналға" қарсы Чемпиондар лигасы матчінің алдындағы баспасөз мәслихатына қатыса алмаған болатын.
Денсаулығының сыр бергеніне қарамастан, Компани жұмысқа оралып, ағылшын клубымен 2:2 есебімен аяқталған ойында командаға жетекшілік етті. Кездесуден кейін маман ағзасының берген белгілеріне құлақ аспай, өз жағдайына көбірек көңіл бөлу керек болса да, жұмысын жалғастыра бергенін мойындады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

FC Bayern (@fcbayern) жарияланымы

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus