Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Балқаш маңында үш алып карьер табылды: табиғатқа келтірілген шығын жарты миллиардқа жуық

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті Саяқ ауылының маңында темір және марганец кендерін заңсыз өндіру дерегінің жолын кесті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
ҚМА мәліметінше, сөз "Vertex Co." ЖШС мен "MiningMetall" ЖШС қызметі туралы болып отыр. Жұмыстар тиісті жер қойнауын пайдалану құқығынсыз және қажетті рұқсат құжаттарынсыз жүргізілгені хабарланды.

"Учаскелерді игеру үшін жалдамалы жұмысшылар мен экскаваторлар, тиегіштер, ұсақтау қондырғысы және аударып төккіштерді қоса алғанда, арнайы техника тартылған. Өндірілген шикізат ұсақталып, содан кейін одан әрі шығару және сату үшін теміржол станциясына тасымалданған", - деп нақтылады ведомство.

Тексеру барысында ауқымды аршу және өндіру жұмыстарының іздері бар үш карьер табылды. Шығарылған топырақтың жалпы көлемі 338 мың текше метрді құрады.
Мамандардың есебі бойынша, бүлінген жерлерді қалпына келтіру және карьерлерді рекультивациялау үшін 485 миллион теңге қажет болады.
Соттың санкциясымен 2 арнайы техника бірлігіне, автокөлікке, сондай-ақ коммерциялық нысанға тыйым салынды. Күдіктіге қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр.
Бұған дейін Жетісу облысында заңсыз шығару әрекетінің жолы кесілгені белгілі болды. Қазақстаннан құны 1,5 миллиард теңге болатын 2,6 мың тонна алтын кені әкетілмек болған. Кедендік құжаттарда шикізат мыс кені ретінде көрсетілген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus