Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Роналду - балласт“: футбол аңызына мансабын аяқтау ұсынылды

Сауд Арабиясының "әл-Наср" клубының жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналду кезекті сәтсіз ойынынан кейін сынға қалды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Криштиану Роналду тағы өткір сын нысанасына айналды. Бұл жолы Сауд Арабиясы чемпионатындағы "әл-Наср" сапындағы ойыннан кейін: 41 жастағы португалиялық футболшы екі бірдей жүз пайыздық мүмкіндікті мүлт жіберді."Неоммен" өткен кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Жалғыз голды 61-минутта Жоау Феликс соқты. Мансабындағы 1000-шы голына небәрі 19 доп қалған Роналдудың өзі бұл матчте ешқандай нәтижелі іс-әрекетімен көзге түсе алмай, көңілсіз көрінді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Нәди Әл-Наср Сауди (@alnassr) жарияланымы


Алдымен бірінші таймның қосымша уақытында ол пенальтиді голға айналдыра алмай, допты қақпадан қиыс тепті.

????????| ШҰҒЫЛ ХАБАР: КРИШТИАНУ РОНАЛДУ ПЕНАЛЬТИДЕН МҮЛТ КЕТТІ!!!! https://t.co/TS6eDrqKlG
— Kalshi FC (@KalshiFC) October 20, 2026
Үзілістен кейін бірден Садио Мане баспен пас асырып, оны бос қақпаның алдында жеке шығарды, бірақ Роналду допты қақпа маңдайшасынан жоғары бағыттады. Кейін басқа да дәл емес соққылар болды. Ойыннан кейін әлеуметтік желі қолданушылары жұлдызды португалиялықты аяусыз сынап, Роналдудың зейнетке шығып, ойыншы мансабын аяқтайтын уақыты келгенін жарыса жазды.

"Роналду, футболмен қоштасатын уақытың келді", - деп жазды X әлеуметтік желісіндегі танымал The Final Whistle аккаунты."Ол марапаттарды сатып алумен әлек";"Бұл клоунның сәтсіздікке ұшырағанын көру қандай рахат";"Ол әлі де кінәні біреуге аударғысы келеді. Ақымақ", - деп жазды қолданушылар пікірлерде.


Роналду, футболмен қоштасатын уақыт келді ???? https://t.co/hPCR3Nugdq
— The Final Whistle (@Rufus_45) October 20, 2026
Роналдуды ӘЧ-2026-да "балласт" деп атады
Еске сала кетейік, бұған дейін танымал француз журналисі Даниэль Риоло Португалия құрамасының жұлдызы мен ұлттық команданың сол кездегі бапкері Роберто Мартинесті сынаған болатын.
Сын Конго ДР құрамасына қарсы өткен және 1:1 есебімен аяқталған матчтен кейін туындады. Криштиану Роналду бірде-бір нәтижелі іс-әрекетпен ерекшеленбеді.

"Бұл командада балласт бар. Біріншіден, өз жұмысын атқара алмайтын бапкер. Екіншіден, өкінішке қарай, көптеген қиындық тудырып жүрген Криштиану Роналду. Ол өзін қартаймадым деп санайды, ал Португалия оның қазіргі әлсіз тұстарын ескеріп, команда құрған жоқ", - деді Риоло.


???????? "Бұл командада артық адамдар бар. Алдымен, деңгейі төмен бас бапкер. Содан кейін, өкінішке қарай, нағыз кесапатқа айналған Криштиану Роналду. Ол әлі де есейгенін мойындағысы келмейді, ал Португалия оның қазіргі кемшіліктеріне бейімделген команда жасай алмады". Даниэль Риолоның CR7-нің Португалия құрамасындағы ықпалы туралы аяусыз әрі кесімді пікірі.
— After Foot RMC (@AfterRMC) June 17, 2026
Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы іс-әрекеті үшін жазаланады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus