Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Иран америкалық бомбадан да қуатты қаруы барын мәлімдеді

Иранның арсеналында қуаты жағынан америкалық "барлық бомбаның анасынан" асып түсетін қару бар. Бұл туралы Иранның мемлекеттік телерадиокомпаниясы эфирінде елдің Ішкі істер министрлігінің өкілі Әли Зейниванд мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Егер оларда "барлық бомбаның анасы" болса, бізде "барлық бомбаның" әжесі" (бұдан да қуатты қару - еск.) бар. Уайымдамаңыздар", - деді Зейниванд.

Оның айтуынша, Тегеранда Вашингтон қолдануы мүмкін кез келген қаруға лайықты жауап бар.
Бұл ретте Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) ресми өкілі Хосейн Мохеби АҚШ өз арсеналындағы ең қуатты ядролық емес бомбаны қолданған күннің өзінде Иранның атом өнеркәсібін тоқтата алмайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, АҚШ "бұдан ештеңе ұтпайды".

"Бұл ел... мұндай қылмысқа баруы мүмкін екенін айтқым келеді, бірақ олар бұдан не ұтады? Ештеңе. Бұл Ормуз бұғазын ашпайды, Тегеран мен Иран халқын тізе бүктіре алмайды... Бұл АҚШ-тың (ирандық зымырандардың - еск.) ұшу қашықтығын қысқарту немесе Иранның ядролық өнеркәсібін тоқтату мақсатына жетуіне әкелмейді", - деді Мохеби SNN ирандық агенттігіне берген сұхбатында "барлық бомбаның анасын" қолданудың ықтимал салдары туралы сұраққа жауап бере отырып.

2017 жылы сол кездегі ИРСК аэроғарыш күштерінің қолбасшысы Әли Хаджизаде Иранның елде өндірілген аса қуатты ядролық емес бомбасы бар екенін мәлімдеген болатын. Хаджизаде оны америкалық "барлық бомбаның анасына" ұқсатып, "барлық бомбаның әкесі" деп атады және ирандық қарудың жойқын күші жоғары екенін атап өтті.
Бұған дейін CNN және CBS News телеарналары АҚШ әкімшілігі Иранға қарсы "барлық бомбаның анасы" ретінде белгілі GBU-43/B (MOAB) бомбасын қолдану мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған.
Кейін АҚШ президенті Дональд Трамп америкалықтар Иранға өз арсеналындағы ең қуатты ядролық емес бомбамен соққы беруі мүмкін екенін растады.
Бұдан кейін Тегеран жауап шаралары туралы мәлімдеді. Иран қорғаныс министрінің міндетін атқарушы, бригадалық генерал Сейед Маджид Ибн ар-Реза "бомбалардың атауы мен көлемі маңызды емес" екенін айтты.

"Сендердің бомбаларың халықаралық беделдеріңе, АҚШ экономикасына, сайлау алдындағы есептеріңе соққы болып тиеді", - деді ирандық әскери қолбасшы.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus