Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанның танымал курорттық аймағында алғашқы қар жауды

Бурабайда алғашқы қар жауды. Күні кеше ғана мұнда ауа температурасы +16 градусқа дейін жеткен еді, ал қазір жасыл көгалдар, қарағайлар мен автокөліктерді жұқа қар басты, деп хабарлайды Tengri Life.
Бурабай алғашқы қарды қарсы алды
Желі қолданушысы ауа райының күрт өзгеруі түсірілген кадрлармен бөлісті. Суреттерден қардың шөпті, ағаштарды және тұрақта тұрған көліктерді жапқанын көруге болады. Сонымен қатар кей жерлерде жасыл желек әлі ақ жамылғының астында қалып үлгермеген.
Скриншот: Threads
Жарияланым әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Көпшілігі күзгі жасыл желек пен алғашқы қардың ерекше үйлесімін атап өтті.

"Бурабай ауа райының кез келген құбылысына қарамастан, жылдың қай мезгілінде болмасын тартымды", "Шөп әлі жап-жасыл. Ерекше екен", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Бурабайдағы ауа райы
Бурабайдағы ауа райының күрт өзгеруі Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарындағы күннің суытуымен тұспа-тұс келді. "Қазгидромет" болжамына сәйкес, 20–22 қазан аралығында елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республиканың солтүстігі мен шығысында көктайғақ, желдің күшеюі, сондай-ақ түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп болжанады.
Солтүстік аймақтарда түнде температура −6 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, ал күндіз +2...+10 градус жылы болады. Елдің шығысында жауын-шашын күтіледі, күндізгі температура −1...+7 градус аралығында болады.
Осыған байланысты Қазақстанның алты облысының жүргізушілеріне жазғы дөңгелектерді қысқысына ауыстыруды кешіктірмеуге және тасжолдарда барынша сақ болуға кеңес берілді.
Тағы оқыңыз: Жаңбыр, қар және күн суытады: Астана мен Алматыны не күтеді?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus