Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда жұмыс берушілерге қызметкерлер туралы маңызды SMS-тер жіберіле бастайды

Қазақстанда скринингтік тексеруден өту ережелері өзгереді. Енді емханалар тексеруден өтуі қажет қызметкерлер туралы мәліметті жұмыс берушілерге жолдай бастайды. Тиісті өзгерістер Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына енгізілді, деп хабарлайды Tengri Health.
Не өзгереді және қызметкерлер қалай құлақтандырылады?
Бұйрыққа сәйкес, бұдан былай емханалар еңбек органдарының цифрлық жүйелері арқылы жұмыс берушілерге скринингтен өтуі тиіс қызметкерлер туралы мәліметтерді беріп отырады.
Бұған дейін скринингтен өту ережелерінде медициналық мекемелерге мұндай талап қойылмаған болатын.
Бұдан бұрын Денсаулық сақтау министрлігі бізге бұл жүйенің қалай жұмыс істеуі керектігін түсіндірген болатын. Азаматтар туралы мәліметтер компаниялардың кадрлық жүйелерімен біріктіріледі деп жоспарланған. Осыдан кейін адам тіркелген жері бойынша емхана eGov арқылы қызметкердің өзіне де, оның жұмыс берушісіне де скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жібере алады.
Хабарлама алғаннан кейін жұмыс беруші қызметкерге скринингтен өтуі үшін үш күнге дейін демалыс беруге міндетті болады.
Жарияланған құжатта емханалардың адамдарға тексеруден өту қажеттігі туралы хабарлау тәсілдері де көрсетілген:

денсаулық сақтаудың цифрлық сервистері арқылы;телефон немесе ұялы байланыс арқылы;"цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы;автоматты қоңыраулар көмегімен.

Сондай-ақ ведомство емханалардың адамдарды скринингке шақырудың мынадай жолдарын да жалғастыратынын атап өтті:

SMS-хабарламалар,үйлер мен пәтерлерді аралау,ресми сайттар мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар,телефон арқылы.

Ережелерде бұйрықта көрсетілген басқа да байланыс арналарын пайдалану қарастырылған.Өзгерістер Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен енгізілді. Олар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.Қазақстандағы скринингке арналған демалыс: не өзгерді?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus