Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда инвестициялар қайда жұмсалып, не салынып жатыр?

Қазақстанда 2019 жылдан 2026 жылға дейін жалпы құны 8,7 триллион теңгені құрайтын 1226 өнеркәсіптік жоба іске асырылды. Жаңа кәсіпорындарда 106,8 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Мұндай мәліметтер Ranking.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.Қазақстанда қандай өндіріс орындары ашылды?
Жобалардың негізгі бөлігі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Қарастырылып отырған кезеңде бұл салада құны 6,1 триллион теңгеден асатын 1072 жоба іске қосылды. Құрылған жұмыс орындарының саны 93,7 мыңды құрады.
Жобалар саны бойынша бірнеше бағыт ерекше көзге түседі:

тамақ өнеркәсібі - 265;құрылыс материалдарының өндірісі - 242;машина жасау - 187;химия өнеркәсібі - 57.

Кейінгі жылдары Қазақстанда автомобиль, автобус, трактор, автомобиль шиналарын, шыны, трансформаторлар мен құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар ашылды. Сондай-ақ полипропилен, ферроқорытпалар және басқа да өнеркәсіптік өнімдер өндірісі іске қосылды.
Атап айтқанда, Алматы қаласы мен Қостанай облысында автомобиль зауыттары бой көтерді. Талдаушылардың мәліметінше, осы екі кәсіпорында жалпы саны 5,1 мың жұмыс орны ашылған.Қай өңірлерде ең көп өндіріс орны ашылды?Іске асырылған жобалар саны бойынша Шымкент қаласы көш бастап тұр. Қарастырылып отырған кезеңде мұнда 130 өндіріс орны іске қосылды.
Келесі кезекте:

Астана - 91 жоба;
Ақмола облысы - 81;
Алматы облысы - 81;
Жамбыл облысы - 76;
Алматы - 71.

Салыстырмалы түрде айтсақ: 2019 жылы елде 81 өнеркәсіптік өндіріс іске асырылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 190-ға жетті.
Сондай-ақ қарастырылып отырған кезеңдегі ең көп тұрақты жұмыс орны - 22 531 орын - 2025 жылға тиесілі болды.
Ranking.kz2026 жылы инвестициялар қалай өзгерді?2026 жылдың қаңтар - тамыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі ақшалай түрде 17 пайызға артты. Бағаның өзгеруін ескергенде, нақты өсім 8,1 пайызды құрады.
Барлық инвестицияның 40 пайыздан астамы өнеркәсіп саласына бағытталды.
Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібіне 1,9 триллион теңге, тау-кен өндірісіне - 1,87 триллион теңге, энергиямен жабдықтау саласына - 1,3 триллион теңге инвестиция салынды.
Инвестицияның ең елеулі нақты өсімі энергетика (49,3 пайыз) және өңдеу өнеркәсібі (39,9 пайыз) салаларында тіркелді.
Ranking.kz2026 жылы не жоспарланып отыр?2026 жылдың ішінде Қазақстанда жалпы құны шамамен 1,7 триллион теңге болатын 200 өнеркәсіптік жобаны іске асыру жоспарланған.
Келтірілген мәліметтерге сәйкес, бұл кәсіпорындарда 17,3 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus