Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Чемпиондар лигасындағы жалғыз қазақстандықтың шайқасы: қайдан көруге болады?

13-нен 14-қазанға қараған түні Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші туры басталады. Алғашқылардың бірі болып әзербайжандық "Сабах" сапында өнер көрсететін қазақстандық қақпашы Стас Покатилов өз матчін өткізеді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Бүгін, 13 қазанда, 2026/27 жылғы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші туры басталады. Турдың алғашқы күні қазақстандық қақпашы Стас Покатилов ойнайтын әзербайжандық "Сабах" клубы алаңға шығады. Бакулік ұжым өз алаңында прагалық "Славияны" қабылдайды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Sabah FC (@sabahfc) жарияланымы


ЧЛ екінші турының матчтер кестесі
Айта кетейік, турнирдің алғашқы күні Еуропаның үздік командалары арасында 9 матч өтеді. 2 кездесу 13 қазан кешкісін, ал қалған 7 ойын 14 қазанға қараған түні болады.13 қазанда

"Ланс" - "Спортинг" - 21:45;
"Сабах" - "Славия" (Прага) - 21:45.

14 қазан

"Арсенал" - "Лилль" - 00:00;
"Атлетико" - "Манчестер Юнайтед" - 00:00;
"Интер" - "Брюгге" - 00:00;
"Галатасарай" - "Барселона" - 00:00;
"РБ Лейпциг" - ПСВ - 00:00;
"Викинг" - "Бавария" - 00:00;
"Вильярреал" - "Наполи" - 00:00.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

UEFA Champions League (@championsleague) жарияланымы


ЧЛ-дағы соңғы қазақстандықтың матчін қайдан көруге болады?
Айта кетейік, "Сабах" - "Славия" матчі Бакудегі (Әзербайжан) Олимпиада стадионында өтеді және Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады. Ойынның тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы өзінің ресми сайтында көрсетеді. Сондай-ақ сол жерден сағат 00:00-де басталатын "Галатасарай" - "Барселона" матчін де тамашалауға болады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Публикация «QAZSPORT» телеарнасының ресми парақшасынан (@qazsport_official)


Еске сала кетейік, Стас Покатилов Чемпиондар лигасындағы дебютін "Олд Траффордта" "Манчестер Юнайтедке" қарсы матчте жасаған болатын. Оның командасы сырт алаңда "қызыл сайтандардан" жауапсыз төрт гол жіберіп алды.
Голдарды бразилиялық шабуылшы Матеус Кунья (27'), португалиялық жартылай қорғаушы Бруну Фернандеш (42'), словениялық форвард Беньямин Шешко (45') және аргентиналық қорғаушы Лисандро Мартинес (68') соқты.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Sabah FC (@sabahfc) жарияланымы


Қазақстан 2028 жылы УЕФА Суперкубогын өткізеді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus