Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда зейнетақыға есептелетін еңбек өтілі қалай өзгереді?

Қазақстанда азаматтардың зейнетақы жарналарын төлеген кезеңін еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ. Жаңа түзетулер еңбек өтілін есептеу кезінде туындайтын түсініспеушіліктерді реттеуге бағытталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Өзгерістер жеке кәсіпкерлерге, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға, адвокаттарға, нотариустарға, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін фрилансерлерге және фермерлерге қатысты болмақ.
Жеке кәсіпкерлер мен фрилансерлердің еңбек өтілі қалай есептеледі?
Бұрынғы ережеге сәйкес, жеке кәсіпкер немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде жұмыс істейтін азамат бір жылға тиесілі зейнетақы жарнасын толық төлесе, оған бір жыл еңбек өтілі есептелетін.
Ал жарна белгіленген мөлшерден аз аударылса, еңбек өтілі төленген сомаға қарай есептелетін. Мәселен, жарты жылға жететін жарна аударған адамның еңбек өтілі де алты ай болып саналатын.
Алайда ережеде бұл тәртіптің нақты қай кезеңге қатысты екені көрсетілмеген. Соның салдарынан әр жылдағы еңбек өтілін есептеу кезінде түсініспеушіліктер туындаған.
Енді құжатта тәртіптің 2006 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңге ғана қолданылатыны нақты жазылады. Ал одан кейінгі жылдардың еңбек өтілі қолданыстағы өзге ережелер бойынша есептеледі.
Зейнетақы жарнасы толық төленуі керек
2006 жылға дейін зейнетақы жарналары көбіне жұмыс істеген айдан кейін аударылып отырған. Мәселен, азамат қаңтарда жұмыс істесе, жұмыс беруші немесе жеке кәсіпкер тиісті жарнаны ақпанда ғана төлеген.
Сол кездегі заңнама бойынша, 2006 жылғы шілдеге дейін аударылған мұндай жарналар алдыңғы айдың еңбек өтіліне есептелетін. Яғни азамат нақты жұмыс істеген кезең ескерілетін.
Бірақ ережеде аударылатын қаражаттың нақты мөлшері көрсетілмеген еді.
Енді бұл талап та нақтыланады. Алдыңғы ай еңбек өтіліне қосылуы үшін сол айға тиесілі міндетті зейнетақы жарнасы толық аударылуы шарт. Аз мөлшерде ғана ақша аудару жеткіліксіз болады.
Ескі ережелер не үшін өзгертіледі?
Мамандардың түсіндіруінше, бұл – негізінен техникалық сипаттағы түзету. Оның басты мақсаты – 1990 жылдары және 2000 жылдардың басында еңбек еткен қазақстандықтардың құжаттарын тексеру кезінде туындайтын даулы мәселелердің алдын алу.
Әсіресе ескі еңбек кітапшалары мен зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді салыстыру барысында есептеудің бірыңғай тәртібі қажет.

"Өзгерістер 2006 жылғы 1 шілдеге дейін аударылған міндетті зейнетақы жарналары бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңін анықтау тәртібін сол кездегі жарна аудару ерекшеліктеріне сәйкестендіру мақсатында енгізіледі", – делінген құжаттың салыстырмалы кестесінде.

Осылайша түзетулер бұрынғы жылдардың еңбек өтілін дұрыс есептеуге және зейнетақы тағайындау кезінде түсініспеушіліктердің туындамауына мүмкіндік бермек.
Айта кетейік, бұған дейін толықтай мемлекет қамқорлығындағы кейбір қазақстандықтарға зейнетақының 70 пайызын төлеуді уақытша тоқтату ұсынылған еді. Тиісті бұйрық жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus