Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда бейінді дәрігерлерді күту мерзімін қысқарту ұсынылды

Құрылтай депутаты Арман Жансеңгіров бейінді дәрігерлердің қабылдауына жазылудың бірыңғай мерзімін белгілеп, күту уақытын қысқартуды ұсынды. Ол бұл мәселені денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың атына жолдаған депутаттық сауалында көтерді, - деп хабарлайды Tengri Health тілшісі.
Мәселе неде?
Депутат Арман Жансеңгіровтің айтуынша, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандықтардан бейінді мамандарға дер кезінде қарала алмау бойынша 3 мыңға жуық шағым түскен.
Бұл мәселемен көбіне Астана, сондай-ақ Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарының тұрғындары жиі бетпе-бет келеді.
Негізгі жүйелі кемшіліктер қандай? Шекті күту мерзімдері бектілмеген. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) мониторинг ережелерінде 10 күндік мерзім көрсетілсе, олардың түсіндірмелерінде 15 жұмыс күні деп жазылған. Ал Денсаулық сақтау министрлігінің негізгі бұйрығында бұл норматив мүлдем көрсетілмеген, деді депутат.

"Қабылдау кестесін 60 күн бұрын жариялау міндеті алғашқы жоспарлы жүгіну басымдығымен сәйкес келмейді. Бұл ешқандай заңбұзушылықсыз қабылдау талондарын бір айдан кейінге немесе одан да кеш уақытқа беруге жағдай жасайды. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерінің қабылдауын күту мерзімі регламенттелмегендіктен, пациент бағытының жалпы ұзақтығы шектелмей қалып отыр", - деді ол.

Сондай-ақ пациенттің бірнеше қосалқы ауруы болса да, оған бір уақытта үштен артық жолдама берілмейтіні де - үлкен кедергі. Тар бейінді маман пациентті қайта жазу үшін тек "ауру жалғасуда" деген мәртебені көрсетуі тиіс, бұл дәрігерлерді қағазбастылыққа мәжбүрлейді.
Ал созылмалы дерті бар науқастар өз дәрігеріне тек мобильді қосымша арқылы тікелей жазыла алады, бұл қарт адамдар мен ауыл тұрғындары үшін қиындық туғызады.
Депутат не ұсынады?
Депутат жоспарлы қабылдауды күтудің бірыңғай қатаң мерзімін бекітуді, ал балалар мен онкологиялық ауруға күдікті пациенттер үшін оны барынша қысқартуды ұсынады.
"Ақылды" қайта бағыттау бақылауын енгізу қажет. Егер ұйым адамды белгіленген мерзімде қабылдап үлгермесе, жүйе автоматты түрде жазбаны қосымша орындаушыға бағыттауы тиіс. Шектеулерді алып тастау - жолдамаларды диагнозға қарай беру және қайта жазылу үшін жасанды кедергілерді жою керек.

"Штаттық нормативтер мен тарифтерді қайта қарап, жолдамалар көлемін клиникалық хаттамаларға сәйкес анықтау және қайта жазылуды емдеу нәтижесіне байлауды алып тастау қажет. Тіркелген жеріне қарамастан, кол-орталық арқылы бейінді дәрігерге тікелей жазылу мүмкіндігін қарастыру керек", - деп түйіндеді Арман Жансеңгіров.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus