Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың аккаунттары уақытша бұғатталуы мүмкін

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуін шектеу үшін адамды тану технологиялары, контентті, жазылымдар мен аккаунт белсенділігін талдау қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар қазір қолданылатын балалар аккаунттарын уақытша бұғаттау мүмкіндігі де қарастырылып жатыр. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің Құрылтай депутаты Жанарбек Әшімжановтың сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жас мөлшері қалай анықталады?
Премьер-министр Үкімет онлайн-платформаларда 16 жасқа толмаған пайдаланушыларды тіркеуді реттейтін түзетулер әзірлегенін хабарлады. Қазір олар Құрылтай қарауында.
Түзетулер қабылданғаннан кейін пайдаланушылардың жасын растаудың жеке ережелерін әзірлеу жоспарланып отыр. Бұл жұмыспен Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі айналысады.
Тетікті әзірлеу кезінде онлайн-платформаларда қазір қолданылатын технологияларды ескеру жоспарланған.

Атап айтқанда, пайдаланушының жасын жасанды интеллект арқылы – бет-әлпетінің бейнесі бойынша анықтауға болады. Бұл Face ID-ге ұқсас адамды тану технологияларына қатысты.

Сонымен қатар жасты анықтау үшін мынадай деректерге талдау жасалмақ:

пайдаланушы қарайтын контент;
жазылымдар;
қауымдастықтар;
аккаунт белсенділігі;
басқа да мінез-құлық белгілері.

Үкімет жауабында онлайн-платформалардың қажетті технологиялық мүмкіндіктері қазірдің өзінде бар екені атап өтілген.
Бектенов мысал ретінде пайдаланушылардың жасын тексеруге арналған AgeKey жүйесін енгізуді жоспарлап отырған Meta компаниясын келтірді. Үкімет мәліметінше, технология биометриялық сәкестендіру кезінде, соның ішінде саусақ ізі немесе бет-әлпетті тану арқылы қолданылатын passkey қағидаты бойынша жұмыс істейді.
Қазір қолданылатын аккаунттар не болмақ?
Жаңа талаптарды енгізу үшін өтпелі кезең қарастыру жоспарланып отыр.
Бұл ретте 16 жасқа толмаған пайдаланушылардың қазір қолданылатын аккаунттарын уақытша бұғаттау мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Нақты тетік әзірге анықталған жоқ. Ережелерді Қазақстанда жұмыс істейтін онлайн-платформалардың өкілдіктерімен талқылау жоспарланып отыр.
Үкімет ұсынылып отырған жасты растау тәсілдері пайдаланушылардың дербес деректерінің таралуына жол бермеуі тиіс екенін атап өтті.
Шектеуді іске асырудың егжей-тегжейлі тетіктерін де Құрылтай депутаттарымен бірлесіп пысықтау жоспарланған.
Неге балаларға әлеуметтік желілерді шектеу ұсынылып отыр?
Қыркүйекте Құрылтай депутаты Жанарбек Әшімжанов премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуін шектеу тетігін нақтылауды ұсынды.
Депутат бір ғана тыйым жеткіліксіз екеніне назар аударды: пайдаланушының жасы қалай анықталатынын, балалардың дербес деректерінің қауіпсіздігіне кім жауап беретінін және шектеуді айналып өту үшін жасалған аккаунттар қалай анықталатынын алдын ала белгілеу қажет.
Сондай-ақ Әшімжанов зерттеу деректерін келтіріп, оған сәйкес қазақстандық 9–10 жастағы балалардың 60 пайызында және 11–12 жастағы балалардың 66 пайызында әлеуметтік желілерде аккаунты бар екенін айтты. Депутат келтірген ақпарат бойынша, балалардың 88 пайызында жеке смартфоны бар.
Бұған дейін Үкімет ұсынылып отырған тыйым балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне қатысты болатынын хабарлаған. Шектеу мессенджерлерге қолданылмайды. Түзетулер Құрылтайға ұсынылған, алайда олар нақты қашан қабылданатыны әзірге айтылған жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus