Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ұлттар лигасындағы қарсылас Қазақстанға ұшудан қорыққан: себебі белгілі

Фарер аралдары құрамасының шабуылшысы Адриан Юстинуссен Ұлттар лигасы аясында Қазақстанға қарсы өтетін сырт алаңдағы матчке қатысудан бас тартты. Фарер футбол федерациясының мәліметінше, шабуылшыда аэрофобия бар, деп хабарлайды Tengri Sport.
Футбол федерациясы ойыншының ұзақ ұшу сапарынан қорқатындығына байланысты ауыстырылғанын жариялады.

"Адрианның ұшудан қорқады, сондықтан ол Астанаға дейінгі ұзақ жолдан қашқақтады. Жаттықтырушылар штабы оның өтінішін ескерді, сол себепті Адриан командамен бірге Қазақстанға бармайды", - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, Юстинуссен Словакия құрамасының қақпасына гол соғып, командасының кезекті ұпай иеленуіне септігін тигізген болатын. Үш кездесуден кейін команда Қазақстаннан екі ұпай алда келе жатып, топта үшінші орында тұр.
Фарер аралдары мен Қазақстан арасындағы ұшу уақыты 8 сағаттан 12 сағатқа дейін созылуы мүмкін.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Hillerød Fodbold Elite (@hillerodfodboldelite) жарияланымы


Қазақстан - Фарер аралдары: қарсыластар көшбасшысыз қалды
Юстинуссеннен бөлек, Астанадағы матчке фарерлік ұжымның ең қымбат ойыншысы Андриас Эдмундссон да қатыспайды: ол шеттетілуіне байланысты кездесуден тыс қалады. Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы қос команданың алғашқы матчінде қорғаушы нәтижелі пас берген болатын, ал ойын 1:1 есебімен аяқталды.
Осылайша, келесі матчте Фарер аралдары құрамының жалпы құны 3 миллион еуродан азайып қалды. Ал Transfermarkt порталы Самородов, Сәтпаев және Чесноковсыз біздің команданы 15 миллион еуроға бағалап отыр.
Қазақстан - Фарер аралдары: матч қашан өтеді?
Қазақстан құрамасының Джон ван ’т Схиптің жетекшілігімен өтетін төртінші матчы 6 қазанда "Астана Аренада" өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Айта кетейік, Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы үш матчте Қазақстан құрамасы екі рет жеңіліп, жалғыз ұпайын Фарер аралдарымен сырт алаңда өткен кездесуде иеленді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының жарияланымы (@kff_team)


Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы жеңілістен кейін мәлімдеме жасады
Бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы үй матчінде Молдова командасына жол берген болатын.
Израильдің Ұлттар лигасындағы матчі жанжалға ұласты

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus