Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Ұйқыда өртеніп кеткіміз келмейді“: Алматыда тұрғын үй кешенінің тұрғындары жарықтандыруға шағымданды

Алматыдағы "Кәусар" ТҮК тұрғыны үй қасбетіндегі жарықшамдарға шағымданды, оның айтуынша, кейінгі бір жылда жарықтандыру жүйесі үш рет өртенген. Tengrinews.kz тілшісі бұл жағдайға қатысты Алматы әкімдігі мен ТЖД не дейтінін және биліктің қандай шара қолдануды жоспарлап отырғанын анықтады.
"Бір жылда үш өрт": не болды?
Әлеуметтік желілерде "Кәусар" ТҮК тұрғынының жазбасы пайда болды. Оның сөзінше, үйлердің қасбетіндегі жарықтандыру 2025 жылы Сайранды реконструкциялаудан кейін орнатылған.
Автор кейінгі бір жыл ішінде құрылғының үш рет өртенгенін алға тартады.

"Мен e-Otinish-ке жаздым, жауап былай болды: тексереміз және жөндейміз. Бүгін түнде тағы да өрт шықты! Әкімдік бізді естуі үшін осы жазбаны қолдаңыздаршы. Біз әкімдік орнатқан қытайлық шамдардың кесірінен ұйқыда жатқанда өртеніп кеткіміз келмейді", – деп жазды тұрғын.

Сондай-ақ ол жарықтандырудың тұрақсыз жұмысына да шағымданды. Оның айтуынша, жабдық үйлердің Сайран жағалауы жағынан көрінетін бөлігіне орнатылған, бірақ жыл бойы жүйе дұрыс істемей келеді.

"Бірде бір үй, бірде екі үй жанады, кейде бәрі жанады, ал кейде мүлдем жанбайды (ТҮК-де бес үй бар). Оның үстіне үш рет өрт шықты! Өтінемін, оны демонтаждаңыздар!" – деп жазды әйел.





Threads-тен көру


Әкімдік жарықты өшіріп, сотқа арыз дайындап жатыр
Әкімдік барлық ақау жойылғанша қасбеттегі жарықтандыруды толығымен өшіретінін хабарлады.
"Кәусар" ТҮК / Фото Tengrinews.kz
Алмалы ауданы әкімінің аппараты бұған дейін монтаждау кезіндегі бұзушылықтарға байланысты мердігерден жұмысты қабылдаудан бас тартқаны белгілі болды. Осыдан кейін тараптар соттасып, сот тапсырыс берушінің жағына шыққан. Енді билік тағы бір талап арыз дайындап жатыр.

"Қазір компанияны жұмысты толығымен қайта жасауға және жүйенің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттеу үшін сотқа талап арыз дайындалып жатыр", – деп хабарлады әкімдіктегілер.

"Кәусар" ТҮК жарықтандыруы / Фото Tengrinews.kz
ТЖД-ға шақырту түспеген
Алматы ТЖД Tengrinews.kz-ке бұл жағдай бойынша 101 немесе 112 нөмірлеріне ешқандай шақырту түспегенін мәлімдеді.
Ведомство тұрғындарды кез келген өрт туралы шұғыл қызметтерге хабарлауға шақырды.
"Кәусар" ТҮК / Фото Tengrinews.kz
Алматыда жарықтандыру қалай өзгерді?
Көшелерді жарықтандыру мәселесі ұзақ жылдар бойы қала үшін ең өзекті түйткілдердің бірі болып келді. Қараңғылықтан құтылу әрекеттерін барлық қала басшысы жасағанымен, алматылықтар жарықтың нашарлығына шағымдануын тоқтатпады.
2025 жылы қалада жарықтандыруды жаңарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Тамыз айында әкім Дархан Сатыбалды жарықтандырудың мастер-жоспарын таныстырып, жыл соңына дейін қаланы жарықпен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізуге уәде берді.
"Кәусар" ТҮК / 2025 жылғы қараша / Фото Tengrinews.kz
Сол кезде қала тек көше шамдарын ғана емес, ғимараттардың архитектуралық жарықтандыруын да жаңартқан болатын. Қараша айына қарай мұндай жарық Алматыдағы 70-тен астам нысанға орнатылды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus