Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бұрынғы әділет министрі Азамат Есқараев Президент Әкімшілігінде бөлім басшысы болды

Азамат Есқараев Президент Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының жарлығымен Азамат Есқараев Қазақстанның Үндістандағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы, Непалдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Өмірбаяны
2000 жылдан бастап ол Әділет министрлігінде жұмыс істеп, Заңнама департаментінде жетекші маман, бас маман, сондай-ақ бөлім және басқарма басшысы, кейінірек Ведомстволық нормативтік құқықтық актілер департаментінде басқарма басшысы қызметтерін атқарды.
2005–2007 жылдары ол Алматы қаласы әкімдігінде бас инспектор және Астана қаласындағы "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ-ның заң департаментінде бас менеджер болып жұмыс істеді. 2007 жылы Әділет министрлігіне қайта оралып, кейіннен министрдің көмекшісі, содан соң Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
2009–2014 жылдары Әділет министрлігінің Заңнама департаментін басқарды. 2014–2019 жылдары Премьер-министр ккеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ал 2019 жылдың шілдесінен 2023 жылдың қаңтарына дейін сол бөлімнің меңгерушісі қызметін атқарды.
2023 жылғы 4 қаңтарда әділет министрі болып тағайындалды. Ол 2023 жылғы 4 сәуірде және 2024 жылғы 6 ақпанда қайта тағайындалды. 2025 жылдың қаңтарында қызметінен босатылды.
2025 жылғы 7 сәуірден бастап - Үндістандағы төтенше және өкілетті елші.
2026 жылғы 10 шілдеден бастап - Қазақстанның Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы және Непалдағы төтенше және өкілетті елшісі (қоса атқарушы).
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus