Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

СІМ Ресейдегі соғыс қимылдары аймағындағы қазақстандықтар туралы жазбаға пікір білдірді

Қазақстан СІМ әлеуметтік желілерде тарап жатқан Ресейдегі соғыс қимылдары аймағындағы отандастар туралы хабарламаға пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл мәселеге қатысты мәлімдемені жұма, 2 қазанда сыртқы саяси ведомствоның ресми өкілі Жанболат Үсенов Telegram-арнасында жариялады.

"Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайды назарда ұстап отыр. Қазақстан азаматтарының шетелдегі құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау министрлік қызметінің сөзсіз басымдығы", - деді ол.

Бұл ретте Үсенов СІМ әлемнің түрлі елдері мен өңірлеріндегі соғыс қимылдары болып жатқан аймақтардан отандастарымызды қайтару бойынша тәжірибе жинақтағанын атап өтті.

"Осыған байланысты Қазақстан азаматтары туралы толық әрі нақты ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы емес, олардың өздерінен немесе туыстарынан тікелей алудың маңызы ерекше. Бірқатар отбасы министрлікке көмек сұрап өтінішпен жүгініп үлгерді. Соғыс қимылдары жүрiп жатқан аймақта жүрген қазақстандықтардың туыстарынан келетін өтініштерді қабылдау үшін министрлікте арнайы жедел желі жұмыс істейді", - деп түсіндірді ол.

СІМ ресми өкілі БАҚ-тан тиісті байланыс деректерін таратуға жәрдемдесуді сұрады.

"Азаматтарды құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету үшін министрлікке толық ақпарат, яғни олардың тегі мен аты-жөні, туған күні, болжамды орналасқан жері, сондай-ақ олар жасаған еңбек шарттарының талаптары туралы мәліметтер қажет", - деп толықтырды ол.

Оның айтуынша, қазақстандықтарды еліне қайтару жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу мақсатында СІМ Ресей тарапымен консультацияларды жалғастырып жатыр. Бүгін Қазақстан Сыртқы істер министрі Ресейдің Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті. Жақын арада Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ресей Сыртқы істер министрлігінің және Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесулер өткізеді. Жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы мен нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus