Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Демократияға шабуыл“: Финляндия депутаттарының үйі белгісіз тұлғалардың нысанасына айналған

Финляндия билігі парламент депутаттарының үйлеріне жасалған бірқатар болжамды ұрлық оқиғаларын тергеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Euronews басылымына сілтеме жасап.
Ел президенті Александр Стуббтың айтуынша, егер бұл жағдайлар расталса, бұл "демократияға жасалған шабуыл" болады.

"Мұндайға ешбір жағдайда жол беруге де, төзуге де болмайды", - деді ол Финляндияның қиыр солтүстігіндегі Рованиемиде өткен жаңа F-35 атқыштардың таныстырылым рәсімінде журналистерге берген сұхбатында.

Бірқатар БАҚ-та оқиғалар туралы ақпарат шыққаннан кейін парламент спикері Юсси Халла-ахо парламентке бірнеше саясаткердің үйіне заңсыз кіру және кіруге әрекеттенудің "айтарлықтай" көп дерегі туралы баяндалғанын растады.

"Бізге белгілі болжамды жағдайлардың нақты санын айта алмаймын, бірақ кез келген жағдайда бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары", - деді Халла-ахо баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, ол белгілі болған эпизодтар ұзақ уақыт бойы болғанын, ал алғашқы оқиға шамамен бір жыл бұрын болған деп есептелетінін нақтылады.

"Қазіргі кезеңде бізде бұл әрекеттердің себептері немесе оның артында кім тұрғаны туралы ақпарат жоқ", - деп атап өтті спикер.

Парламенттің қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тобын басқаратын вице-спикер Паула Рисикко күдікті жағдайлар туралы өткен аптада хабардар болғанын айтты. Ол Хельсинки полициясына "тергеудің бастапқы кезеңін" жүргізу тапсырылғанын жеткізді.
Хельсинки полициясы өз мәлімдемесінде аталған дерек бойынша алдын ала тексеру басталғанын растады.

"Тексеру бастапқы кезеңде, полицияның әзірге қосатын мәліметі жоқ", - делінген хабарламада.

Парламенттің барлық депутаты қырағылық танытуға, кез келген күдікті жайтты хабарлауға және қажет болған жағдайда полицияға арыз түсіруге шақырылды.
Ilta-Sanomat газеті осы аптаның басында депутаттарға ықтимал ұрлықтар туралы өткен аптада ескерту жасалғанын және редакцияға үйге заңсыз кірудің кемінде екі жағдайы белгілі екенін хабарлады.
Тағы оқыңыз: Финляндия Францияның ядролық тежеу жүйесінің іс-қимыл аймағына кірді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus