Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Салық берешегіне байланысты елден шығуға тыйым салу: не өзгертілмек?

Қазақстанда кәсіпкерлер мен компания басшыларына елден шығуға уақытша шектеу қойылатын салық берешегінің сомасын анықтау тәртібін өзгерту ұсынылып отыр. Мән-жайды Tengrinews.kz тілшісіне Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) түсіндіріп берді.
Қазір қандай тәртіп қолданылады?
Ұлттық экономика министрлігі "Ашық НҚА" порталында Салық кодексіне түзетулер енгізу туралы заң жобасын жариялады. Түзетулердің бірі Қазақстаннан шығуға тыйым салу үшін негіз болатын салық берешегіне қатысты.
Қазіргі уақытта 27 мың АЕК-тен (2026 жылы 116,7 миллион теңге) асатын салық берешегі үшін шетелге шығуға уақытша шектеу қойылуы мүмкін.
Бұл шара келесі тұлғаларға қолданылады:

заңды тұлғалардың бірінші басшыларына (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғаларға);
құрылымдық бөлімшелердің басшыларына;
жеке кәсіпкерлер;
жеке практикамен айналысатын тұлғаларға.

27 мың АЕК мөлшеріндегі нақты шек Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрығымен белгіленген. Салық кодексіне түзетулер енгізу жобасында бұл шекті мынадай тұжырыммен ауыстыру ұсынылады: "салық берешегінің шекті мөлшері".
Tengrinews.kz редакциясы мемлекеттік органдарға бұл шектің өзгеруі мүмкін екенін білдіре ме деген сұрау салды. МКК қазіргі уақытта соманы өзгерту жоспарда жоқ екенін хабарлады. Министрдің бұйрығына да өзгерістер дайындалып жатқан жоқ.
Комитет жаңа ережелер тек 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енгенін, сондықтан алдағы өзгерістердің қажеттілігін бағалау үшін әзірге тәжірибе жеткіліксіз екенін еске салды.
Неге 27 000 АЕК Салық кодексінен алынып тасталады
МКК түсіндіруінше, түзетудің мәні - нақты шекті Салық кодексінің өзі емес, заңға тәуелді нормативтік актінің айқындауында:

"Салық кодексінде "салық берешегінің шекті мөлшері" деген тұжырымды бекіту, аталған шектің нақты мәнін тікелей Салық кодексіне өзгерістер енгізбей-ақ, заңға тәуелді нормативтік актіде реттеуге мүмкіндік береді".

Осылайша, қазіргі уақытта 27 мың АЕК шегі сақталады, бірақ түзетулер қабылданған жағдайда, оны алдағы уақытта өзгерту үшін Салық кодексіне тиісті түзетулер енгізудің қажеті болмайды.
Кейінге қалдыруға көбірек уақыт беріледі
Жобада салық берешегі үшін елден шығуды шектеу мерзімін үш айдан төрт айға дейін ұзартуды көздейді.
МКК ақпаратынша, бұл өзгерістің мақсаты - салық төлеушіге елден шығуға шектеу қойылғанға дейін берешекті ерікті түрде өтеу үшін қосымша уақыт беру.
Егер өтелмеген берешек төрт айдан астам уақыт бойы сақталса, дебеттік операцияларды тоқтата тұру және инкассолық өкімдерді шығару шараларынан кейін, келесі қадам ретінде шетелге шығуға тыйым салу шарасы қолданылады.
Бұл ретте комитет түзету шектеулер санын көбейтуге емес, оларды қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Осы түзетулер жобасында қазақстандық салықшыларға тіркеусіз бизнес жүргізіп жүрген кәсіпкерлерді анықтаудың жаңа құралын беру туралы норма да бар. Ол үшін навигациялық және картографиялық сервистердің деректерін пайдалану ұсынылып отыр.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін салық төлеу тәртібі өзгертілмек

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus