Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Юлия Путинцева Азия ойындарының медалін жеңіп алып, тарихқа енді

Қазақстандық теннисші, әлемнің 82-ші ракеткасы Юлия Путинцева 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына қола медаль салды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Юлия Путинцева Азиада-2026 жартылай финалында қытайлық Чжан Шуайдан 4:6, 2:6 есебімен ұтылды. Кездесу 1 сағат 32 минутқа созылды. Қазақстандық спортшы бірде-бір эйс жасай алмады, ешқандай қос қателік жібермеді және он брейк-пойнттың тек біреуін ғана пайдалана алды. Қарсыласы екі эйс жасап, бір қос қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті аяқтады.Нәтижесінде Чжан Шуай финалға шықты, онда ол Александра Эала (Филиппин) - Ван Сиюй (Қытай) жұбының жеңімпазымен алтынды сарапқа салады. Ал Путинцева қола медаль иегері атанды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

???????????????? ???????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????? (@qaz_team_official) парақшасынан жарияланым


Қазақстанның тарихи медалі
Бұл жүлде Қазақстанның 2026 жылғы Азия ойындарындағы 57-ші медалі болды (құрама еншісінде сондай-ақ 9 алтын, 16 күміс және 32 қола бар).
Сонымен қатар, Юлия Путинцева — ел тарихында әйелдер арасындағы жекелей сында Азияда медалін жеңіп алған алғашқы теннисші.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Olympic Team (@olympickz) жариялаған жазба


Еске сала кетейік, қазақстандық спортшының жартылай финалға дейінгі жолы: бірінші айналымда ол пәкістандық Ушна Сухаилді ойсырата ұтты (6:1, 6:0), кейін тайваньдық спортшы Ян Я-Иді сенімді түрде жеңді (6:1, 6:1), ал ширек финалда Таиланд өкілі Мананчая Савангкаевтан басым түсті (6:3, 6:0).












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Юлия Путинцеваның (@yulia_putintseva) жазбасы


Азиядада теннистен тағы бір қазақстандық, еліміздің жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина өнер көрсетіп жатыр. Александр Шевченкомен бірге миксте олар өзбекстандық Севиль Юлдашева мен Максим Шинге қарсы матч өткізіп, екі сетте 6:1; 7:5 есебімен жеңіске жетті. Бұл жеңіс қазақстандық дуэтке 1/4 финалға шығуға мүмкіндік берді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Anna Danilina-ның (@_annadanilina_) жарияланымы


Айта кетейік, Анна Данилина — жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы. Ол әлемдік жұптық рейтингте алтыншы орында тұр.
Ал Шевченкоға келер болсақ, ол жекелей сындағы әлемдік рейтингтің 109-шы сатысында иеленген.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Aleksandr Shevchenko (@shevchenkoo_17) жариялаған жазба

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus