Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев Мюнхенде Бавария премьер-министрімен кездесті

Қазақстан Президенті Бавария премьер-министрі Маркус Зёдермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Баварияға шақырып, қонақжайлықпен қарсы алғаны үшін премьер-министр Маркус Зёдерге алғыс айтты.

"Баварияның өзіне тән ерекшелігін, экономикалық қуатын, инновациялық әлеуетін жоғары бағалаймын. Кеше Федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық канцлер Фридрих Мерцпен өте мазмұнды келіссөздер жүргіздім. Уағдаластықтарымызды нақты нәтижеге айналдыруға ниеттімін әрі аталған мәселеде Баварияны басты серіктес ретінде қарастырамын. Бұл – өнеркәсіп пен ғылымдағы өзінің озық жетістіктерін дәстүрге деген айрықша құрметімен ұштастырған өңір. Осы арқылы Бавария Германия экономикасын алға сүйреп, экономикамызды жаңғырту мен әртараптандыруда Қазақстанның сенімді серіктесі болып отыр", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Баварияның технологиялық табыстары мен Қазақстанның ресурстық және өнеркәсіптік әлеуетін біріктіруге айтарлықтай мүмкіндік бар.
Елдеріміздің экономикалық ықпалдастығын жандандырып, халықтарымызды бір-біріне жақындата түсуде көлік байланыстарын жақсартудың да маңызы зор.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

"Премьер-министр Маркус Зёдер жаңа өсім бағыттарын іздеуге айрықша мән беретін Бавария Қазақстанмен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Сондай-ақ ол елімізде табысты жұмыс істеп жатқан бавариялық компанияларға көрсеткен қолдауы үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді", - деп атап өтті Ақорда баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Бавария премьер-министрімен қонақжай қазақ жерінде жүздесуді асыға күтетінін айтты.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Маркус Зёдер Қасым-Жомарт Тоқаевқа мюнхендік "Бавария" ойыншыларының қолы қойылған жейдені сыйға тартты.












Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aqorda (@akordapress)


Еске сала кетейік, 30 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары Мюнхенде жалғасты.
29 қыркүйекте Германия Федеративтік Республикасының Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті. Кеше Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы Германияға сапармен келуге шақырып, қонақжайлық көрсеткені үшін Франк-Вальтер Штайнмайерге алғыс айтты.
Бұдан кейін Тоқаев пен Штайнмайер Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысты.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинге сапары аясында канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді.
Бағыт анықталды. Тоқаевтың Берлиндегі екі күні қалай өтті?
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus