Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Несие орнына “қарыз дәптері“: үй маңындағы дүкендерге қатысты не ұсынылды?

Шағын дүкен иелері көбіне азық-түлікті пайыссыз қарызға береді, бірақ өздері қымбат несие алуға мәжбүр. Бүгін Құрылтайда мұндай дүкендерге салық жүктемесін азайту ұсынылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Пандемия мен ТЖ кезінде жұмыс істеді"
Құрылтай депутаты Руслан Ыдырысов сауалын премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жолдады.
Депутаттың айтуынша, жеңілдікті қолдауға негізінен ірі сауда желілері ие болады, ал ауылдық жерлерде мұндай жоқ. Сонымен қатар Руслан Ыдырысовтың мәліметінше, ауылда 7,5 миллионға жуық адам немесе ел халқының шамамен 40 пайызы тұрады. Оларды тауарлармен 40 мыңға жуық "үй маңында" форматындағы шағын дүкендер қамтамасыз етіп отыр.

"Үй маңындағы дүкендер халықты азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Олар ең қиын кезеңдерде, соның ішінде пандемия мен төтенше жағдай кезінде жұмысын тоқтатқан жоқ", – деді ол.

"Қарыз дәптері" және 48 пайыздық несие
Руслан Ыдырысов әрбір дүкен – бұл отбасылық микробизнес екеніне сенімді. Бірақ ол "кассалық алшақтық қыспағында" жұмыс істейді. Депутат үй маңындағы дүкендерде болатын "қарыз дәптерін" еске салды.

"Ауылдарда дүкен иелері көршілеріне азық-түлікті пайыссыз қарызға береді, бұл ретте мұндай берешек көлемі дүкеннің барлық айналым қаражатының 50 пайызынан асуы мүмкін. Несие қымбат. Дистрибьюторлар көбіне шағын дүкендерден 100 пайыз алдын ала төлем талап етеді. Жеңілдікті мемлекеттік бағдарламаларға қолжетімділігі болмағандықтан, кәсіпкерлер жылдық мөлшерлемесі 45-48 пайыз болатын коммерциялық несие алуға мәжбүр болып, бір несиені екіншісімен жауып отыр. Бұл пайыз тікелей азық-түліктің соңғы бағасына қосылады", – деп түсіндірді ол.

Депутаттың сөзінше, нәтижесінде дүкеннің операциялық пайдасының 40 пайызына жуығы міндетті төлемдерге кетеді:

"2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бөлшек салық жеңілдетілген декларациямен бірге базалық мөлшерлемесі 4 пайыз, ал мәслихаттар үшін 2–6 пайыз аралығында болатын бірыңғай арнаулы салық режиміне біріктірілді. Тіпті айналымның 3 пайызында салық жүктемесінің коэффициенті шамамен 40 пайыз болады".

Руслан Ыдырысов үй маңындағы шағын дүкендер үшін картамен төлеу кезіндегі банктік комиссияны шектеуді ұсынды. Оның айтуынша, мұндай механизм бұған дейін дәріханалар, білім беру және медицина мекемелері үшін қолданылған.
Депутат тағы не ұсынды?
Сонымен қатар Руслан Ыдырысов мыналарды ұсынды:

Шағын азық-түлік дүкендері үшін салық мөлшерлемесін 2 пайыздан асырмай шектеу.
Үй іргесіндегі дүкендерге отандық өндірушілерден тауар сатып алу үшін жеңілдікті несиелерді кеңейту.
Шағын дүкендерге әлеуметтік маңызы бар тауарлардың арзан көтерме партияларына қолжетімділік қамтамасыз етілгенше, бағаны өсіргені үшін айыппұл салмау.
Үй іргесіндегі дүкендерде әлеуметтік маңызы бар және негізгі өнімдерді сату кезінде картамен төлем жасау үшін банктік комиссияны 0,5 пайыздан асырмай шектеу.

Еске салсақ, кейінгі жарты жылда Қазақстанда 200 мыңға жуық бизнес жабылды. Депутаттар Ұлттық экономика министрлігін салық реформасының кәсіпкерлерге тигізетін салдарын бағалауға шақырды. Толығырақ мына сілтеме арқылы оқыңыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus